«Ақмола облысының аумағында коронавирустық инфекция (CОVІD-19) ауруының таралуының алдын алу жөніндегі қатаң шектеу шараларын енгізу туралы» 2020 жылғы 04 шілдедегі № 86, «Ақмола облысының рекреациялық және курорттық аймақтарының аумағында карантиндік іс-шараларды күшейту туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 88 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 шілдедегі № 93 Қауласы

«Ақмола облысының аумағында коронавирустық инфекция     (CОVІD-19) ауруының таралуының алдын алу жөніндегі қатаң шектеу шараларын енгізу туралы» 2020 жылғы 04 шілдедегі № 86,

«Ақмола облысының рекреациялық және курорттық аймақтарының аумағында карантиндік іс-шараларды күшейту туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің  2020 жылғы 20 шілдедегі № 88 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

 

 

Ақмола облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 27 шілдедегі № 46 қаулысына (бұдан әрі- ҚР БМСДҚ №46) сәйкес «Ақмола облысының аумағында коронавирустық инфекция (СОVІD-19) ауруының таралуының алдын алу жөніндегі қатаң шектеу шараларын енгізу туралы» 2020 жылғы 04 шілдедегі № 86, «Ақмола облысының рекреациялық және курорттық аймақтарының аумағында карантиндік іс – шараларды күшейту туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 88  қаулыларына (бұдан әрі – БМСДҚ №88) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

2) міндетті түрде бетперде киіп және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, халықтың тұрғылықты жерінен еркін шығуына рұқсат ету;

2-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.

3-тармақтың 43) 45) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

43) ҚР БМСДҚ №46 32 қосымшаға сәйкес қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, COVID-19 қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуді жүргізуді ұйымдастыру;

45) ҚР БМСДҚ №46 сәйкес алгоритмнің сақталуын қамтамасыз ету үшін әр ауданда COVID-19 қайтыс болған адамдардың мәйіттерін жерлеу бригадаларын құру мәселесін шешу.

4-тармақтың 1) 6)  7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

          1) 2020 жылғы 27 шілдедегі ҚР БМСДҚ №46 талаптарын орындау;

6) эпидемиологиялық жағдайға қарамастан жүкті әйелдерге және балаларға, амбулаториялық бағдарламалық гемодиализ алатын пациенттерге, онкологиялық және онкогематологиялық аурулармен ауыратын, сондай-ақ емдеуді ауыстыру пациенттің өміріне қауіп төндіретін аурулармен ауыратын пациенттерге жоспарлы медициналық көмек көрсетуді жалғастыруды қамтамасыз етсін;

7) профилактикалық егулерді қоспағанда, МСАК ұйымдарында жоспарлы скринингтер мен профилактикалық тексерулерді тоқтата тұру.

5-тармақтың 1) 3) тармақшалары алынып тасталсын.

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалы 2020 жылғы 27 шілдедегі ҚР БМСДҚ №46 талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.

1-қосымшада 2-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

  • жабық үй-жайларда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйым және т. б.), сондай-ақ көлікте, далада болған кезде барлық адамдарға.

Бұл ретте осы тармақ адамды міндетті орындауға міндеттейді және бұзылған жағдайда кінәлі адамға әкімшілік шаралар қолданылады.

БМСДҚ № 88  2-тармағы 5-тармақшасымен мынадай редакцияда толықтырылсын:

  • қызметкерлер, келушілер және демалушылар жабық үй-жайларда, сондай-ақ көлікте және көшеде медициналық бетперделерді кию және кемінде 1,5 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау.

БМСДҚ №88  3-тармағы 6-тармақшасымен мынадай редакцияда толықтырылсын:

  • қызметкерлер, келушілер және демалушылар жабық үй-жайларда, сондай-ақ көлікте және көшеде медициналық бетперделерді кию және кемінде 1,5 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау.

БМСДҚ №88  4-тармағы 5-тармақшасымен мынадай редакцияда толықтырылсын:

  • қызметкерлер, келушілер және демалушылар жабық үй-жайларда, сондай-ақ көлікте және көшеде медициналық бетперделерді кию және кемінде 1,5 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау.
  1. Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды өткізу туралы Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 03 шілдедегі № 85 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Дата публикации
30 июля 2020