Шымкент қаласының әлеуметтік‐экономикалық дамуы

Шымкент қаласының әлеуметтік‐экономикалық дамуы

Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер

2021 жылғы 1 қарашаға қаланың халық саны 1107,1 мың адамды құрады және 2020 жылғы 1 қарашамен салыстырғанда 41,2 мың адамға немесе 3,9% өсті. 2021 жылғы қаңтар-қазанда халықтың табиғи өсімі 23,1 мың адамды немесе 2020 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 116,7% құрады. Туылғандар саны 29,5 мың адамды құрады немесе 2020 жылғы қаңтар-қазанға 115,3%. Өлгендер саны 6,4 мың адамды немесе 2020 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 110,3% құрады.

 Тұрмыс деңгейі

2021 жылғы II тоқсанда қалада, халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, бағалау бойынша, 83561 теңгені құрап, 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 16,9%-ға, ал нақты ақшалай табыс 9%-ға өсті.

Еңбек нарығы және еңбекақы төлеу

2021 жылғы III тоқсанда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 21,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық  деңгейі жұмыс күші санына 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2021 жылғы қарашаның соңына 6,5  мың адамды немесе жұмыс күші санына 1,5% құрады.

2021 жылғы III тоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық  атаулы жалақы 189613 теңгені құрап, 2020 жылғы III тоқсанға қарағанда 22,3%-ға өсті. Осы тоқсанда нақты жалақы индексі 112,6% құрады.

Баға

2021 жылғы қарашаны 2021 жылғы қазанмен салыстырғанда инфляцияның деңгейін сипаттайтын, тұтыну бағаларының индексі 100,4% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,4%, азық-түлік емес тауарлар - 0,8%, халыққа ақылы қызмет көрсету - 0,1% көтерілді. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2021 жылғы қарашаны 2021 жылғы қазанмен салыстырғанда 1,2% көтерілді.

Ұлттық экономика

2021 жылғы I жартыжылдықта қаланың жалпы өңірлік өнім көлемі 1019999 млн. теңгені құрады, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,2% құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 30,2%, қызмет көрсету –  63,1% құрады.

2021 жылғы қаңтар-қарашада қала бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 394711,3 млн. теңге болды, немесе 2020 жылғы қаңтар-қарашаға 155,4%.

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 26501 шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлға) тіркелді, олардың   20001 жұмыс істеп тұр. Тіркелген заңды тұлғалар ішінде шағын заңды тұлғалар саны (100 адамға дейін) – 26087, орта (101 ден 250 адамға дейін) – 295, ірі (250 адамнан жоғары) – 119, оның ішінде жұмыс істейтіндер  - тиісінше – 19599, 288 және 114 бірлік.

Сауда

«Сауда» саласы бойынша 2021 жылғы қаңтар-қарашада нақты көлем индексі 108,8% құрады.

Бөлшек сауда көлемі 2021 жылғы қаңтар-қарашада 430719,3 млн. теңгені немесе 2020 жылғы қаңтар-қараша деңгейіне 109,8% құрады.

Көтерме сауда көлемі 909586,8 млн. теңгені немесе 2020 жылғы қаңтар-қараша деңгейіне 108,2% құрады.

2021 жылғы қаңтар-қазанда Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерімен өзара сауда көлемі 538,3 млн. АҚШ долларын немесе 2020 жылғы қаңтар-қазан деңгейіне 130,5% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 70,7 млн. АҚШ долларын немесе 116,4%, импорт – 467,6 млн. АҚШ долларын немесе 132,9% құрады.

Экономиканың нақты секторы

2021 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 708825,5 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 6,5% жоғары. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі – 16,9%, өңдеу өнеркәсібінде – 4,9%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 8,9%, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таралуын бақылауда – 54,9% артты.

2021 жылғы қаңтар-қарашада ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімдерінің (қызметтерінің) көлемі 41416,1 млн. теңгені құрап, 2020 жылғы қаңтар- қарашаға қарағанда 0,3 %-ға артты. 

2021 жылғы қаңтар-қарашада «Көлік» (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 106% құрады. 2021 жылғы қаңтар-қарашада жүк айналымының көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6349,4 млн. ткм, немесе 96,7% құрады (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауын қоса есептелгенде). Жолаушылар айналымының көлемі 8619 млн. жкм құрап, 2020 жылғы қаңтар-қараша деңгейіне 135,9% құрады.

Қала бойынша 694,8 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, немесе 2020 жылғы қаңтар-қарашаға 163,6%.

2021 жылғы 1 желтоқсанға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 75490 бірлікті немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 108,2% құрады.

ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 2021 жылғы 1 шілдеге 168008 адамды құрады немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 104,4% құрады.

2021 жылғы қаңтар-маусымда шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілердің өнім шығарылымы (тауарлар, қызмет көрсетулер) 645455 млн. теңгені  немесе 2020 жылғы қаңтар-маусымға 149,8% құрады.

 

Баспасөз хабарламаны жүктеу