ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен Шымкент қаласының өзара тауарлар саудасы туралы

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен Шымкент қаласының өзара тауарлар саудасы туралы

Алдын ала деректер бойынша, 2021 жылғы қаңтарда Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерімен өзара сауда көлемі 32,3 млн. АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар деңгейіне 106,2%, оның ішінде экспорт – 4,4 млн. АҚШ долларын (68,2%) немесе өзара сауда көлемінің 13,7%, импорт – 27,9 млн. АҚШ долларын (116,5%) немесе өзара сауда көлемінің 86,3% құрады.

Ресей Федерациясымен өзара сауда көлемі 26,3 млн. АҚШ доллар (өзара сауда көлемінің 81,5%) сомасында қалыптасты, Беларусь Республикасымен – 3,9 млн. АҚШ доллар (12,2%), Қырғызстан Республикасымен – 2 млн. АҚШ доллар (6,3%) құрады.

ЕАЭО елдеріне экспорттың жалпы көлеміндегі 43,9% - Ресей Федерациясына, 38,1% – Қырғызстан Республикасына, 18%  – Беларусь Республикасына тиесілі.

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу