Шымкент қаласының әлеуметтік‐экономикалық дамуы

Шымкент қаласының әлеуметтік‐экономикалық дамуы

Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер

2021 жылғы 1 ақпанға қаланың халық саны 1079,8 мың адамды құрады және 2020 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда 40,5 мың адамға немесе 3,9% өсті. 2020 жылғы қаңтарда халықтың табиғи өсімі 2,5 мың адамды немесе 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда 127,5% құрады. Туылғандар саны 2,9 мың адамды құрады немесе 2020 жылғы қаңтарға 123%. Өлгендер саны 0,4 мың адамды немесе 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда 102,4% құрады.

Тұрмыс деңгейі

2020 жылғы III тоқсанда қалада, халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары,     бағалау бойынша, 72664 теңгені құрап, 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,1%-ға өсіп, ал нақты ақшалай табыс 2,4%-ға кеміді.

Еңбек нарығы және еңбекақы төлеу

2020 жылғы  IV  тоқсанда  жұмыссыздар  саны бағалау бойынша, 22 мың адамды құрады. Жұмыссыздық  деңгейі жұмыс күші санына 5,1% құрады. Жұмыспен қамту  органдарында  жұмыссыздар  ретінде тіркелгендер саны  2021 жылғы ақпанның соңына 12,1 мың адамды немесе жұмыс күші санына 2,8% құрады.

2020 жылғы  IV  тоқсанда  қызметкерлерге есептелген орташа айлық  атаулы  жалақы 178126 теңгені құрап, 2019 жылғы IV тоқсанға қарағанда  16,8%-ға өсті. Осы тоқсанда нақты жалақы индексі 109,1% құрады.

 Баға

2021 жылғы ақпанды 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда инфляцияның деңгейін сипаттайтын, тұтыну бағаларының индексі 100,8% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 1%, азық-түлік емес тауарларына – 0,5%, халыққа ақылы қызмет көрсету – 0,8% көтерілді. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2021 жылғы ақпанды 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда 0,7% көтерілді.

Ұлттық экономика

2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте қаланың жалпы өңірлік өнім көлемі 1510632,8 млн. теңгені құрады, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,8% құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 31,3%, қызмет көрсету –  62,8% құрады.

2021 жылғы қаңтар-ақпанда қала бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 25857,5 млн. теңге болды немесе 2020 жылғы қаңтар-ақпанға 2,2 есе.

2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 24495 шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлға) тіркелді, олардың   17875 жұмыс істеп тұр. Тіркелген заңды тұлғалар ішінде шағын заңды тұлғалар саны (100 адамға дейін) – 24073, орта (101 ден 250 адамға дейін) – 304, ірі (250 адамнан жоғары) – 118, оның ішінде жұмыс істейтіндер  - тиісінше – 17467, 296 және 112 бірлік.

 Сауда

«Сауда» саласы бойынша 2021 жылғы қаңтар-ақпанда нақты көлем индексі 98,4% құрады. 

Бөлшек сауда көлемі 2021 жылғы қаңтар-ақпанда 55928,7 млн. теңгені немесе 2020 жылғы қаңтар-ақпан деңгейіне 99,5% құрады.

Көтерме сауда көлемі 96699,5 млн. теңгені немесе 2020 жылғы қаңтар-ақпан деңгейіне 102,4% құрады.  

2021 жылғы қаңтарда Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерімен өзара сауда көлемі 32,3 млн. АҚШ долларын немесе 2020 жылғы қаңтар деңгейіне 106,2% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 4,4 млн. АҚШ долларын немесе 68,2%, импорт – 27,9 млн. АҚШ долларын немесе 116,5% құрады.

Экономиканың нақты секторы

2021 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 115744,2 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 12,1% жоғары. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі – 51,2%, өңдеу өнеркәсібінде – 12,3%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 5,1%, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таралуын бақылауда – 68,8% артты.        

2021 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімдерінің (қызметтерінің) көлемі   4163,3 млн. теңгені құрап, 2020 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда  5,3%-ға артты.

2021 жылғы қаңтар-ақпанда «Көлік» (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 86,8% құрады. 2021 жылғы қаңтар-ақпанда жүк айналымының көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 878,7 млн. ткм, немесе 117,2% құрады (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауын қоса есептелгенде). Жолаушылар айналымының көлемі 997,7 млн. жкм құрап, 2020 жылғы қаңтар-ақпан деңгейіне 37,5% құрады.

Қала бойынша 62,5 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, немесе 2020 жылғы қаңтар-ақпан деңгейіне 4,6 есе.

2021 жылғы 1 наурызға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 68264 бірлікті немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 98,3% құрады.

ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 2020 жылғы 1 қазанға 166044 адамды құрады немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 112,4% құрады.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілердің өнім шығарылымы (тауарлар, қызмет көрсетулер) 699108 млн. теңгені  немесе 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекке 104,1% құрады.      

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу