Шымкент қаласындағы инфляция деңгейі жөнінде

Шымкент қаласындағы инфляция деңгейі жөнінде

2021 жылғы ақпанды 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда инфляцияның деңгейін сипаттайтын, тұтыну бағаларының индексі 100,8% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 1%, азық-түлік емес тауарлар – 0,5%, халыққа ақылы қызмет көрсету – 0,8% көтерілді.           

 Азық-түлік нарығында 2021 жылдың ақпанында бағаның өсуі маргаринге - 5,3%,  шұжықтарға - 4,2%, күнбағыс майына - 3,5%, құс етіне - 3,4%, күріш, қарақұмық жармасы, тосап, джемге -  2,5%, спредтерге - 2,4%, құмшекер, жұмыртқа, ашытылған сүт өнімдері, майонезге -  1,9%, ірімшік және сүзбеге - 1,6%, сүтке - 1,1%, сиыр етіне - 0,6% байқалды, ал нан - 4,3%, жүгері жармасы - 1,4% төмендеді. Көкөністер мен жемістер  1,1%-ға, оның ішінде жаңа қияр  - 5,9%, мұздатылған жемістер мен жидектер - 4,4%, картоп - 3,7%, сәбіз - 3,3%, басты пияз - 2,2%, ақ қауанды қырыққабат - 1,8% қымбаттады. Алкогольсіз сусындар арасында бағалар какао - 4%, шырындар - 2%, шай - 1,9%, минералды және ауыз су  - 1,3% көтерілді.

Азық-түлік емес тауарлардың ішінде баға жуғыш заттар мен тазартқыштарға - 3,8%, смартфондарға - 3,6%,  көлік сатып алуына - 1,7%, көлік құралдарына - 1,6%, бензинге - 1,1%, мотор майына - 1%, құрылғыларына - 0,9% көтерілді. Ал тас көмір  2,2%-ға арзандады.

Ақылы қызметтер саласында бағаның өсуі жалға берілетін үйлерге - 7,5%, қонақ үйлерге - 5,7%, кешенді демалысты ұйымдастыру  қызметтеріне - 3,5%, әуе көлігіне - 2,3% байқалды.

 

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу