
Бүгін Нұр - Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Қарсақбайқызы Сейітова, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің директоры Гульмира Кенжеболатқызы Шалабаева, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының директоры, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдоллаұлы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаеваның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.