Меню

Страницы

Статья

Киножобаларды конкуртсық іріктеу

  1. Киножобаларды конкуртсық іріктеу

 Көркем, деректі және т.б. фильмдерді шығару туралы

«Кинематография туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 қаңтардағы Заңының 12-бабына сәйкес, киножобаларды қаржыландыру туралы шешімді уәкілетті орган Сараптама кеңесінің оң қорытындысы және Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымы негізінде қабылдайды.

Аталған Кеңес пен Комиссияның қарауына киножобаларды «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық)  ашық конкурс жариялау арқылы жинақтап енгізеді.

Киножобаларды қаржыландыру бойынша ашық конкурс туралы толық мәліметтерді Орталықтың www.kazakhcinema.kz интернет-ресурсынан алуға болады.

  1. Фильмдерді қазақ тіліне дубялждау

«Кинематография туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы                          3 қаңтардағы Заңының 13 бабының 5-тармағы 2 тармақшасына сәйкес, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру жөніндегі бірыңғай операторы болып табылады.

Фильмдерді қазақ тіліне дубляждауды қаржыландыру туралы шешімді уәкілетті орган Сараптама кеңесінің оң қорытындысы және Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымы негізінде қабылдайды.

2023 жылғы 10 наурызда ҚР Мәдениет және спорт министрінің «Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығы қабылданды.

Аталған Қағида негізінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді  қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу тәртібін айқындалады. 

  1. Фильмге прокаттық куәлік беру

«Кинематография туралы» ҚР Заңының 7 тармағына сәйкес фильмді фестивальдарда, семинарларда, ретроспективада көрсету жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында фильмді прокаттау және көрсету ол Мемлекеттік фильмдер тізілімінде тіркелген кезде ғана және берілген прокаттау куәлігіне сәйкес жүзеге асырылады (Осы талап бұрынғы КСРО-ның кинематографиялық ұйымдары шығарған фильмдерге қолданылмайды).

Мемлекеттік фильмдер тізілімінде тіркелген фильмге прокаттау куәлігі беріледі.

Прокаттау куәлігін беру уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жүзеге асырылады.

Прокаттау куәлігін алу үшін жеке немесе заңды тұлға egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы :

1) уәкілетті орган басшысының атына өтінішті;

2) жеке немесе заңды тұлғаның фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттарды (шет тіліндегі құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариат куәландырған көшірмелер қоса беріледі);

3) фильмнің аннотациясын;

4) Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдерде пайдаланылатын туындылар туралы мәліметтерді ұсынуы қажет.

Прокаттау куәлігін алуға арналған өтініш келіп түскен күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган жеке немесе заңды тұлғаға прокаттау куәлігін береді.

Фильмге прокаттау куәлігі тәртібі «Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 125 бұйрығы негізінде жүзеге асады (сілтеме http://10.61.42.188/kaz/docs/V1900018639).

  1. «Ұлттық фильм» куәлігін беру

Фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильмнің куәлігін беру тәртібі «Фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 78 бұйрығы негізінде жүзеге асады (сілтеме http://10.61.42.188/kaz/docs/V1900018457).

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
20 февраля 2024
Дата обновления
20 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

20 февраля 2024
Киножобаларды конкуртсық іріктеу
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Статистика
01 сентября 2023
2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСЫНДА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы