Буклетте «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК қорында сақталған зергерлік әшекей бұйымдар топтамасы берілген. Сондай-ақ, зергерлік әшекей бұйымдардың жасалу технологиясын, әдіс-тәсілдерін сипаттай отырып, зергерлік әшекейлердің қолданылуы мен ерекшеліктеріне тоқталады.