«Б.з. І мыңжылдықтың басындағы (II-V ғғ.) Қазақ Алтайының ескерткіштері: Еуразия этномәдени құрылымының қалыптасуы және халықтардың ұлы қоныс аударуының бастауы» атты кітап 2021-2023 жылдары Бағдарламалық мақсатты қаржыландыру бойынша жүзеге асырылған және Берел қорымындағы хунно-сяньбэй дәуіріндегі қорғандарды зерттеу материалдарының жарияланымы болып табылады.