
Күміс Сейітова 1970 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Жезқазған педагогикалық институтын, Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университетті және «Болашақ» академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы Дария станциясындағы желілік ауруханада кіші медбике болып бастады.
1988 жылы балабақшада тәрбиеші болды.
1993-1995 жылдары — Қазақстан жастары Жезқазған облыстық комитетінің екінші хатшысы.
1995-1997 жылдары — Жезқазған облыстық тарихи-өлкетану музейінің тарих бөлімінде кіші, аға ғылыми қызметкер.
1997-2004 жылдары Жезқазған облыстық тарихи-өлкетану музейінің тарих бөлімінде экскурсия жетекшісі, директордың орынбасары, директордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
2004-2021 жылдар аралығында ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі құрылымында жұмыс істеді.
2021-2023 ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдың шілдесінен бастап тағайындалғанға дейін ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы қызметін атқарды.