2021 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ жергілікті атқарушы органының қызметі туралы есеп

2021 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ жергілікті атқарушы органының қызметі туралы есеп

 

  1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Тізімдемесіне сәйкес «Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ (бұдан әрі - Бөлім) 2 қызмет түрін көрсетеді, олардың ішінде:

  • «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру».

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағаз турінде тегін көрсетіледі. Өтінішті қабылдау "электрондық үкіметтің"веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

  • Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану».

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағаз турінде тегін көрсетіледі.

Ведомствалық бағыныстағы «Шахтинск қаласы әкімдігінің Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметтін қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады

2021 жылы 45 (2020 жылы -30) спорттық атақ, разряд және біліктілік санаттары берілген, оның ішінде 2 мемлекеттік қызмет электрондық үкімет веб-порталы арқылы көрсетілді.  

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылы 22 қарашадағы № 106, 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 97, 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 104 бұйрығымен  мемлекеттік қызметтер ережелері бекітілген.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс:

Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Бөлімнің ақпараттық стендтерде және Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тарауында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандарты және Регламенті, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімдемесі, Бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша нәтижелер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағымдар тәртібі және қажетті ақпарат орналастырылған.

Тиісті тарауда қамтылған ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі. 2021 жылғы есептік кезеңі бойынша Бөліммен 3 мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларына хабардарлығын жоғарлату бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттардың және регламенттердің  басты ережелерін түсіндіру іс-шаралары өткізілді (растау құжаттары бар).

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша қызмет:

Бөлімде Халыққа қызмет көрсету туралы ықпалдастырылған ақпараттық жүйе (ХҚКО ЫАЖ), МОНИТОРИНГ ЫАЖ модульдері арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімін сақтау үшін күн сайын бақылау өткізіледі.

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау:

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілеріне жол бермеу мақсатында Бөлім жыл сайын мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша көрсеткіштерді жақсарту жөнінде шаралар жоспарын құрады.

2021 жылы Шахтинск қаласы әкімдігімен Бөлімнің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын тексеру бойынша  ішкі бақылау өткізілді. Тексеріс нәтижесінде бұзушылықтар болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыздар келіп түскен жоқ.

  1. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуын арттыру және одан арғы тиімділік перспективалары:

Келешекте қызмет алушылардың қолайлы және сапалы мемлекеттік қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылда Мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстары жалғастырылады.

Жалпы, 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұранысын ескеріп, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жоғарлатуға бғытталады.

 

Басшысы  м.а.                                                                       А. Минлибаев

 

 

 

2021 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ жергілікті атқарушы органының қызметі туралы есеп
Дата публикации
17 января 2022