2020 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ жергілікті атқарушы органының қызметі туралы есеп
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Тізімдемесіне сәйкес «Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ (бұдан әрі - Бөлім) 2 қызмет түрін көрсетеді, олардың ішінде:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағаз турінде тегін көрсетіледі. Өтінішті қабылдау "электрондық үкіметтің"веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағаз турінде тегін көрсетіледі.
Ведомствалық бағыныстағы «Шахтинск қаласы әкімдігінің Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметтін қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады
2020 жылы 30 (2019 жылы -114) спорттық атақ, разряд және біліктілік санаттары берілген және Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау – 216 (2019 жылы - 2013).
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылы 22 қарашадағы № 106, 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 97, 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 104 бұйрығымен мемлекеттік қызметтер ережелері бекітілген.
Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Бөлімнің ақпараттық стендтерде және Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тарауында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандарты және Регламенті, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімдемесі, Бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша нәтижелер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағымдар тәртібі және қажетті ақпарат орналастырылған.
Тиісті тарауда қамтылған ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі. 2020 жылғы есептік кезеңі бойынша Бөліммен 10 мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларына хабардарлығын жоғарлату бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттардың және регламенттердің басты ережелерін түсіндіру іс-шаралары өткізілді (растау құмжаттары бар).
Бөлімде Халыққа қызмет көрсету туралы ықпалдастырылған ақпараттық жүйе (ХҚКО ЫАЖ), МОНИТОРИНГ ЫАЖ модульдері арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімін сақтау үшін күн сайын бақылау өткізіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілеріне жол бермеу мақсатында Бөлім жыл сайын мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша көрсеткіштерді жақсарту жөнінде шаралар жоспарын құрады.
2020 жылы Шахтинск қаласы әкімдігімен Бөлімнің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын тексеру бойынша ішкі бақылау өткізілді. Тексеріс нәтижесінде бұзушылықтар болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыздар келіп түскен жоқ.
Келешекте қызмет алушылардың қолайлы және сапалы мемлекеттік қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылда Мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстары жалғастырылады.
Жалпы, 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұранысын ескеріп, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жоғарлатуға бғытталады.
Басшысы А. Жунусов