2019 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ жергілікті атқарушы органының қызметі туралы есеп
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Тізімдемесіне сәйкес «Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ (бұдан әрі - Бөлім) 2 қызмет түрін көрсетеді, олардың ішінде:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағаз турінде тегін көрсетіледі. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы жүзеге асырылады.
Ведомствалық бағыныстағы «Шахтинск қаласы әкімдігінің Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметтін қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады
2019 жылы 114 спорттық атақ, разряд және біліктілік санаттары берілген және Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау - 213.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен мемлекеттік қызметтері стандарты және Қарағанды обысы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды обысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы №45/08 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 21 қараша №45/08 қаулысымен мемлекеттік қызметтер регламенті бекітілген.
Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Бөлімнің ақпараттық стендтерде және Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тарауында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандарты және Регламенті, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімдемесі, Бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша нәтижелер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағымдар тәртібі және қажетті ақпарат орналастырылған.
Тиісті тарауда қамтылған ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі.
2019 жылғы есептік кезеңі бойынша Бөліммен 18 мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларына хабардарлығын жоғарлату бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттардың және регламенттердің басты ережелерін түсіндіру іс-шаралары өткізілді (растау құжаттары бар).
Бөлімде Халыққа қызмет көрсету туралы ықпалдастырылған ақпараттық жүйе (ХҚКО ЫАЖ), МОНИТОРИНГ ЫАЖ модульдері арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімін сақтау үшін күн сайын бақылау өткізіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілеріне жол бермеу мақсатында Бөлім жыл сайын мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша көрсеткіштерді жақсарту жөнінде шаралар жоспарын құрады.
2019 жылы Шахтинск қаласы әкімдігімен Бөлімнің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын тексеру бойынша ішкі бақылау өткізілді. Тексеріс нәтижесінде бұзушылықтар болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыздар келіп түскен жоқ.
Келешекте қызмет алушылардың қолайлы және сапалы мемлекеттік қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылда Мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстары жалғастырылады.
Жалпы, 2020 жылы мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұранысын ескеріп, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жоғарлатуға бғытталады.
Басшысы А. Жунусов