2017 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ жергілікті атқарушы органының қызметі туралы есеп

 

2017 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ жергілікті атқарушы органының қызметі туралы есеп

  1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Тізімдемесіне сәйкес «Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ (бұдан әрі - Бөлім) 2 қызмет түрін көрсетеді, олардың ішінде:

  • «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру»;
  • Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру».

2017 жылы 90 спорттық атақ, разряд және біліктілік санаттары берілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағаз турінде тегін көрсетіледі. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»  2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен  «Спорттық атақ беру» және «Тұрғын үй беру» мемлекеттік қызметтері  стандарты және Қарағанды обысы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды обысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы №45/08 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 21 қараша №45/08 қаулысымен «Спорттық атақ беру»  мемлекеттік қызмет регламенті бекітілген.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс:

Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Бөлімнің ақпараттық стендтерде және Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тарауында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандарты және Регламенті, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімдемесі, Бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша нәтижелер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағымдар тәртібі және қажетті ақпарат орналастырылған.

Тиісті тарауда қамтылған ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі.

2017 жылғы есептік кезеңі бойынша Бөліммен 8 мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларына хабардарлығын жоғарлату бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттардың және регламенттердің  басты ережелерін түсіндіру іс-шаралары өткізілді (растау құжаттары бар).

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша қызмет:

Бөлімде Халыққа қызмет көрсету туралы ықпалдастырылған ақпараттық жүйе (ХҚКО ЫАЖ) модульдері арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімін сақтау үшін күн сайын бақылау өткізіледі.

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау:

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілеріне жол бермеу мақсатында Бөлім жыл сайын мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша көрсеткіштерді жақсарту жөнінде шаралар жоспарын құрады.

2017 жылы Шахтинск қаласы әкімдігімен Бөлімнің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын тексеру бойынша  ішкі бақылау өткізілді. Тексеріс нәтижесінде бұзушылықтар болған жоқ, басшыға кемшіліктерді жою туралы тапсырмалар берілді. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыздар келіп түскен жоқ.

  1. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуын арттыру және одан арғы тиімділік перспективалары:

Келешекте қызмет алушылардың қолайлы және сапалы мемлекеттік қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылда Мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстары жалғастырылады.

Жалпы, 2018 жылы мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұранысын ескеріп, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жоғарлатуға бғытталады.

 

 

Басшы                                                                                                       А. Жунусов

 

 

 

2017 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ жергілікті атқарушы органының қызметі туралы есеп
Дата публикации
15 января 2018