«Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі»ММ 2016 жылға мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы есеп
Шахтинск қалсының дене шынықтыру және спорт бөлімімен дене шынықтыру және спорт саласында «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсетеміз. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы жүзеге асырылады.
«Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген және «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды обысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы №45/08 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды обысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қараша №45/08 қаулысымен осы мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілген. Қызмет тегін турде көрсетіледі. Турақты және уақтылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында заңнамалық және басқа да нормативтік актілер зертеледі, осы мемлекеттік қызметтің стандарты мен регламенті зертелген.
Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы толық ақпарат Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми сайтында және Бөлімнің ақпараттық стендінде орналасқан.
2016 жылға 95 спорттық атақ, разряд және біліктілік санаттары берілген.Нормативтік талаптарды орындауна мерзімінің аяқталуына байланысты 2 біліктілік санатын және спорт дәрежелерән беруден бас тартылды. Мемлекеттік қызметтерді қарау бойынша мерзімнің бұзылуы анықталған жоқ.
Басшы А. Жунусов