Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 1 тамызындағы №211 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік – аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрымдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай – ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» заңнамасына сәйкес Сіздерді Сәтбаев қаласының кейбір көшелерін қайта атау мәселесі жөнінде көпшілік тыңдауға қатысуға шақырамыз. Көпшілік тыңдау 2025 жылғы 2 маусым күні сағат 11.00-де Наурыз көшесі 5, мекенжайында орналасқан №14 ЖББМ өтеді.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тіл жанашыры Дастан Абдырахманұлы ұсынысына сәйкес бүгін бірқатар сауда нысандарына түсіндірме жұмысын жүргіздік.
Облыстың сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Дәулетбаев, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Гүлбану Шахмановамен бірге сауда орындарын аралап, мемлекеттік тілде қызмет көрсету талаптарын сақтаудың маңыздылығын заң аясында ұғындырдық. Әр дүкенде орналасқан тұтыну бұрышының заңға сәйкес жасақталуы тексеріліп, кемшіліктер анықталған нысандарға қажетті түсіндіру шаралары қабылданды. Бұл шаралар Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқығын қорғау туралы Заңының 24-ші "Сатушының міндеттері" бабы, әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Заңның 75-ші "Тіл туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылық" бабына негізделіп жүзеге асырылды. Шара барысында дүкен иелеріне осы баптар бойынша нақты талаптар жеткізіліп, мемлекеттік тілдің дұрыс және толық қолданылуы керектігі айтылды. Тұтынушылардың мемлекеттік тілде қызмет алу құқығы түсіндірілді. Мемлекеттік тіл – тек қатынас құралы ғана емес, елдік мүдде мен ұлттық бірліктің негізі екені баса айтылды. Сауда орындарының иелері мен қызметкерлеріне мемлекеттік тілді меңгеру — әр адамның азаматтық парызы екендігін, сонымен қатар, ол — кәсіби мәдениеттің де бір бөлігі екенін жеткіздік. Кәсіпкерлер заң талаптарын түсіністікпен қабылдап, тұтынушылар сұранысына орай қызмет көрсетуге уәде берді.
Бұл бастама — мемлекеттік тілдің қоғамдағы қолдану аясын кеңейтуге бағытталған нақты қадамдардың бірі. Қызмет көрсету саласында тұтынушыға сыйластық пен құрмет, ең алдымен оның тілінде сөйлеуден басталады. Бұл мәселе қоғам назарынан тыс қалмауы керек. Мемлекеттік тілде еркін қызмет көрсету — еліміздегі бейбіт өмір мен татулықтың кепілі. Алдағы уақытта да осындай жұмыстар жалғасып, барлық салада мемлекеттік тілдің талапқа сай қолданылуына бақылау күшейтілетін болады.
Байқауға еліміздің әр өңірінен барлығы 18 өнерпаз қатысты. Дүбірлі сайыстың 1 кезеңінен 13 өнерпаз келесі кезеңге өтіп жүлделі орындарға бақ сынасты. Байқау қорытындысында алқа мүшелерінің шешімімен Бас жүлдені Түркістаннан келген Сағындық Аружан (1 500 000тг), 1 орынды Ұлытау облысының өнерпазы Максутов Мадияр (1 000 000тг), 2 орынды Алматылық Өмірғалы Мадияр (700 000тг), 3 орынды Батыс Қазақстаннан келген Булганбаев Кенессары (500 000тг) иеленді. Т.Қалмағамбетов атындағы арнайы жүлдені Қарағандылық Дәлетбек Ақжігіт (150 000тг), Ж.Сейілов атындағы арнайы жүлдені Астаналық Сергазина Ақниет(150 000тг), Ш.Ділдебаев атындағы арнайы жүлдені Алматылық Амангазин Саулетке (150 000тг) табысталды.
Белсене қатысқан 10 өнерпазға 50 мың теңгеден ынталандыру сыйақысы берілді. Қаламызды әнге бөлеген байқау 2027 жылы жалғасын таппақ. Өнеріміз өрлей берсін.
Жаңаарқа ауданында өткен ақын, философ Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы аясында Ақмарал Әлтаева атындағы V аймақтық «Арқа аруы - 2025» сұлулық байқауында Абай атындағы мектеп лицейінің 10 сынып оқушысы Тәкен Шұғыла қатысып Бас жүлде иеленді. ҚҰТТЫҚТАМЫЗ!
«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың аяқталғаны туралы хабарлайды (талдау есебінің жобасы қоса беріледі). Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелеріне қатысты ұсыныстарды, ескертулерді 2025 жылғы 31 наурызға дейін мына мекенжайларға: satp_kultura@mail.ru немесе Сәтбаев қаласы, Қаныша Сәтбаев даңғылы, 111, 3-қабат, №62а кабинетіне жіберуіңізді сұраймыз.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
2024 жылдың 19-20 сәуір күндері Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында өтетін Ерден Сандыбайұлы атындағы V Республикалық ұлттық аспаптарда орындаушылар конкурсын тамашалауға шақырамыз.
Ұйымдастыру алқасы
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
2024 жылдың 11 сәуір сағат 11.00 «Достық үйінде» өтетін қазақтың тұңғыш академигі Қ.И.Сәтбаевтің 125 жылдығына арналған облыстық «Қаныш салған әндер ай» атты фестивальді тамашалауға шақырамыз.
Ұйымдастыру алқасы
«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы.
Хабарландыру!
«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 ҮББ жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.
«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағыт бойынша жүргізілді:
1) «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты, барлық ниет білдірген тұлғалардан осы талқылауға 04.04.2024 жылы сағат 11:00-де, Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы,
Қаныш Сәтбаев көшесі, 111, 62а кабинет мекенжайы бойынша қатысуды сұраймыз.
Көпшілік талқылауға қатысқысы келетіндер 8-710-63-3-44-45 сенім телефоны арқылы хабарласа алады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен: 2024 жылғы 7 наурыздан 7 сәуірге дейін «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Сәтбаев қалалық мәслихатының әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес Сәтбаев қаласының кейбір көшелерін (Павел Шаталюк көшесін Кәкімбек Салықов көшесі, Горняцкая көшесін Павел Шаталюк көшесі) қайта атау мәселесі бойынша халықтың пікірін ескеру мақсатында 2022 жылғы 2 қыркүйек сағат 17.00-де № 15 жалпы білім беретін мектебінің мәжіліс залында көпшілік тыңдау өткізілетінін хабарлайды.