ЕРЕЖЕ «Мәдениет мекемелерінің қызметіндегі жасанды интеллект» ісшарасын (хакатон) өткізу

                             КЕЛІСЕМІН                                                                        БЕКІТЕМІН

«Сәтбаев қаласының мәдениет                                        «Turaqty DAMU» жастар

және тілдерді дамыту бөлімі»                                            қоғамдық бірлестігінің

                            ММ басшысы                                                                       төрағасы

                            _________________ К.Ж.Төлеш                                           _____________ Ы.А.Қозайдаров

                            «___» ____________ 2026 ж.                                                 «___» ____________ 2026 ж.

 

ЕРЕЖЕ

«Мәдениет мекемелерінің қызметіндегі жасанды интеллект»

ісшарасын (хакатон) өткізу

                                                Терминдер мен анықтамалар

  • Хакатон – жаңа шешімдердің пайда болуын ынталандыруға, оларды іске асыруға дейін жеткізуге, сондай-ақ веб-әзірлеу және ЖИ-инжиниринг саласындағы таланттарды анықтауға бағытталған іс-шара.
  • Тапсырыс беруші: «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ.

Ұйымдастырушы : «Turaqty DAMU» жастар қоғамдық бірлестігі

 

            Қатысушылар/Қатысушылар командалары – Хакатонға қатысу үшін жеке немесе ұжымдық өтінім берген Ұлытау облысының тұрғындары қатыса алады.

 

  • Маңызды критерий: Облыстың елді мекендерінің бірінде нақты тұру қатысу үшін маңызды шарт болып табылады.
  • Қазылар алқасы – Қатысушыларға жүлделерді беру туралы шешім қабылдайтын сарапшылар өкілдерінен тұратын топ.
  • Құрамы: Қазылар алқасының құрамын тапсырыс берушімен келісе отырып, мердігер құрады және ол кемінде үш адамнан тұрады.
  • Өтінім – Қатысушылардың өздері толтыратын, қатысушы туралы ақпаратты қамтитын тіркеу нысаны.
  • Тапсырма – Хакатон өткізу кезінде орындалуы тиіс нақты тапсырма.
  • Мақсаты: Тапсырма ұйымдастырушы көрсеткен параметрлер мен талаптар бойынша жоба жасаудан тұрады.
  1. Жалпы ережелер

1.1. «Мәдениет мекемелерінің қызметіндегі жасанды интеллект» байқауы (бұдан әрі — Хакатон) мәдени ортаны цифрлық трансформациялау және инновациялық IT-шешімдерді әзірлеу мақсатында өткізіледі.

1.2. Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 21-24 сәуір аралығы.

1.3. Форматы: Хакатон гибридті форматта өткізіледі. Жоба мәдениет мекемелеріне процестерді автоматтандыруға және цифрлық шешімдер мен ЖИ интеграциясы арқылы келушілермен өзара іс-қимылды жақсартуға көмектесетін прототиптерді жасауға бағытталған.

  1. Мақсаттары мен міндеттері

2.1. Тапсырмаларға сәйкес заманауи технологиялар стектерін қолдана отырып, цифрлық жобаларды әзірлеу.

2.2. Өңірде веб-әзірлеу және жасанды интеллект саласындағы кәсіби қоғамдастықты дамыту.

  1. Хакатонды өткізу мерзімдері

Хакатон 3 кезеңнен тұрады:

  • Дайындық кезеңі: Өтінімдер 2026 жылғы 17 cәуір, сағат 18.00 - ге дейін қабылданады.
  • Бірінші кезең: 21 сәуір сағат 09.00 – 13.00 «Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы» жобаларды таныстыру, сағат 13.00 – 14.00 сұрақ –жауап;  

                            22 сәуір сағат 09.00 – 13.00 «Тіл-құрал» оқу -әдістемелік орталығы жобаларды таныстыру, сағат 13.00 – 14.00 сұрақ -жауап;

                           23 сәуір сағат 09.00 – 13.00 «Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» жобаларды таныстыру, сағат 13.00 – 14.00 сұрақ – жауап;

                            24 сәуір сағат 09.00 – 13.00 «Б.Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» жобаларды таныстыру, сағат 13.00-14.00 сұрақ-жауап 

  • Екінші кезең: 24 сәуір сағат 15.00 – 16.00 комиссия мүшелерінің ақылдасуы, шешім қабылдау, 16.00 марапаттау 
  1. Жобаларды бағалау критерийлері

«Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы» КМҚК, «Тіл-құрал оқу әдістемелік орталығы» КММ, «Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ, «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ осы аталған мекемелерге жасанды интеллект енгіздіру жобаларын дайындау.  IT саласындағы мамандар мен мәдениет саласының өкілдерінен тұратын сарапшылық комиссия жұмыстарды келесі критерийлер бойынша бағалайды:

  • Идея және практикалық құндылық: шешімнің мәдениет мекемелерінің нақты жұмысында қаншалықты қолданылатындығы.
  • Іске асыру: жобаның макеті, интерфейсі, функционалдылығы, сапасы мен технологиялылығы.
  • Аяқталуы: Жұмыс істейтін жобалардың болуы, презентация, сөз сөйлеу.
  1. Қорытындылар және жүлделерді беру

5.1. Финалдық презентациялардың нәтижелері бойынша комиссия кемінде 4 жобаны анықтайды. Хакатон жеңімпаздарын бекітілген Қазылар алқасы анықтайды және Тапсырмаларға сәйкес ұсынылған ең үздік жоба нәтижелері бойынша хаттамада бекітіледі.

5.2. Әр сала бойынша ең үздік деп танылған жобаға  мәдени-көпшілік ісшараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша қызмет түрлерінің прейскурантына сәйкес ақшалай сыйлық қарастырылған.

5.3. Егер қазылар алқасы қатысушылардың ешбір шешімі мәлімделген талаптарға сәйкес келмейді деп есептесе, Қазылар алқасы Хакатонда ешкімге жеңіс пен жүлде бермеуге құқылы.

5.4. Егер жеңімпаздар өздері туралы мәліметтерді растау және ақшалай жүлделерді есептеу үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін (жеке куәлік, IBAN шот, мекенжай анықтамасы және т.б.) 3 жұмыс күні ішінде ұсына алмаса немесе осы Ережелерді бұзса, онда Жеңімпаздар ақшалай жүлделерді талап ету құқығынан айырылады. Мерзім: Уақытты есептеу Жеңімпаздар жарияланған күннен кейінгі күннен басталады.

5.5. Жеңімпаздарға ақшалай жүлделерді төлеу жеңімпаздардан расталған мәліметтерді алған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Маңызды шарт: Хакатон аясында қолданылатын барлық бағдарламалық шешімдер заңды болуы, үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзбауы, вирустық, тыңшылық және өзге де зиянды бағдарламалардың элементтерін қамтымауы тиіс.

Жауапты тұлға: + 7 776 557 97 97 Ыдырыс Асқарұлы Қозайдаров

«Turaqty DAMU» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы

askarovich.kz11@gmail.com

 

Дата публикации
09 апреля 2026