ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы" Заңының (бұдан әрі-заң) 8-бабының 5-тармағына сәйкес 2024 жылғы 28 ақпандағы № 20 бұйрыққа сәйкес 2024 жылғы 7 наурыз бен 2024 жылғы 7 сәуір аралығында "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ (бұдан әрі - ММ) келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді (бұдан әрі-талдау):
1. ММ қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2. ММ ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2024 жылғы 28 ақпандағы №20 бұйрыққа сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның жұмыс тобының құрамы бекітілді: ММ басшысы Төлеш Қ.Ж., ММ бас бухгалтері З. Т. Бексинова, ММ бас маманы Г. Т. Шахманова, ММ бас маманы М. Б. Игенберлина, ММ статисті А.М.Мусилова, ММ кадрлар жөніндегі инспекторы Н. Е. Әбдіхамит.
Талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылды.