2023 жылғы атқарылған есеп

«Сәтбаев қалаасының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің 2023 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпараты

Ағымдағы жағдай. 2023 жылы мәдениет саласында 5 мәдени нысан қызмет атқарды. Қаламызда Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы және 4 кітапхана «Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ, Отбасылық кітапхана филиал, №1 кітапхана-филиал, «Сәтбаев қаласының балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ халыққа қызмет көрсетеді.

«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жанында Оқыту әдістемелік кабинеті – мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту курстарын жүргізеді.

    Қала аумағында 5 ескерткіш бар, олар: А.Құнанбаев, Қ.Сәтбаев, Төлек батыр, Бабыр би, Ж.Үншібаев.

Мәдениет мекемелерінің 2023 жылға қаржылануы:

- «Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайы» КМҚК – 294 113;

- «Б.Бұлқышев атын орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ - 91 602;

- «Сәтбаев қаласының балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ - 42 714.

2023 жылғы атқарылған есеп
Дата публикации
09 февраля 2024