Жоба
Сәтбаев қаласының әкімдігінің
Қ А У Л Ы С Ы
№________ 2022 жыл «__»_______
Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі
№ 13/82 «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығы негізінде «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 8-тармағындағы мемлекеттік тілдегі «Қарағанды облысы» деген сөздер «Ұлытау облысы» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тілінде «Карагандинская область» деген сөздер «область Ұлытау» деген сөздермен ауыстырылсын.
Сәтбаев қаласының әкімі А.А.Ыдырысов
орынд. Қ.Төлеш