2025 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есебі

«Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 14 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16581 тіркелген мемлекеттік қызметтер көрсету туралы стандартқа сәйкес екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  1. Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру.
  2. «Спорттық разрядтарды беру: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, нұсқаушы – біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты спортшы, спорт төрешісі».

Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 

«Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ жылдық есептік кезеңде спорттық разрядтар беру бойынша 25 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

I жасөспірімдер разряды -3 адам,

II жасөспірімдер разряды-3 адам

III жасөспірімдер разряды-5 адам,

II спорттық разряд-2 адам

III спорттық разряд-5 адам

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-2 адам,

спорт төрешісі-5 адам.

Барлық мемлекеттік қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы Саран қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілді. бұл мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш білдіргендердің жалпы санының 100% -. құрайды.

Азаматтарды көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабардар ету мақсатында қалада мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізілді.

         «Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттық насихаттау шеңберінде ЭҮП (Электрондық үкімет порталы) арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндігі туралы брошюралар, буклеттер әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Бөлімнің сайтында жоғарыда аталған тақырыптағы бейнероликтер орналастырылған. Бөлім стендінде стандарттар, регламенттер, мемлекеттік қызметтер туралы Заң, чек парақтар және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі ережелер, осы кезеңдегі толық есептер орналастырылған.

 мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзушылықтар, қайтарулар, мемлекеттік қызметтер көрсететін басшының және маманның әрекеттеріне шағымдар жоқ.

 

Руководитель

ГУ «Отдел культуры, развития языков,

физической культуры

и спорта города Сарани»                                                            Г. Тохметова

 

Дата публикации
22 января 2026