Саран қаласының дене шынықтыру және спортты дамыту , сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмысты "Саран қаласының спорт орталығы" КММ жүзеге асырады . Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша 2022 жылы 95 жарыс өткізілді . Жарыс дойбы , шахмат , тоғыз құмалақ, волейбол ,футбол, қазақ күресі және басқа да көптеген спорт түрлері бойынша өткізілді .
"Саран қаласының спорт орталығы" КММ-де футбол, каратэ, қазақ күресі , тоғызқұмалақ , дойбы секциялары ашылды.
"Саран қаласының спорт орталығы" КММ балансында төрт аула клубы жұмыс істейді . Мысалы: "Кемпірқосақ" , "Нағыз достар", "Арман", "Көңілді балалар". Барлық аула клубтарының қамтылуы 360 оқушыны құрайды . Аула клубтарының жұмысы шығармашылық қабілеттерін дамытуға , патриотизмге тәрбиелеуге , салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. 2022 жылы аула клубтарының әдіскерлері 50 іс-шара өткізді . Іс-шаралар конкурстар , спорттық жарыстар , акциялар , сабақтар түрінде өткізілді . 2022 жылы аула клубтары aulafit әлеуметтік жобасы бойынша жұмысын жалғастырды (аулада жұмыс істейді).