|
Тұрмыстық техника дүкенінде |
В магазине бытовой техники |
|
Сәлеметсіз бе! |
Здравствуйте! |
|
Сәлеметсіз бе! Қош келдіңіз! |
Здравствуйте! Добро пожаловать! |
|
Мен тоңазытқыш қарайын деп едім. |
Я бы хотела посмотреть холодильник. |
|
Қандай фирманікін көрсетейін? |
Какую фирму показать? |
|
Қандай фирмалардікі бар? |
Какие фирмы есть? |
|
«BOSCH», «SAMSUNG», «LG» фирмалары бар. |
Есть фирмы «BOSCH», «SAMSUNG», «LG». |
|
Маған екі камералы тоңазытқыш керек. |
Мне нужен двухкамерный холодильник. |
|
Онда мына модельді көріңіз. Германияда жасалған, жалпы көлемі - 314 л. |
Тогда посмотрите на эту модель. Производитель - Германия, общий обьем - 314 л. |
|
Кепілдігі бар ма? |
Есть гарантия? |
|
Кепілдігі 1 жыл. |
Гарантия 1 год. |
|
Бұл модель қанша тұрады? |
Сколько стоит данная модель? |
|
145 мың теңге. |
145 тысяч теңге. |
|
Тағы не аласыз? |
Что еще возьмете? |
|
Бу беретін үтік керек еді. |
Нужен паровой утюг. |
|
Ондай үтіктер 15 мыңнан басталады. Функциясына байланысты әр түрлі. Сізге қайсысын берейін? |
Такие утюги начинаются от 15 тысяч. Разные в зависимости от функции. Какой вам дать? |
|
25 мың тұратын үтіктің қандай функциялары бар? |
Какие функции имеет утюг стоимостью 25 тысяч? |
|
Бу беретін және өзін-өзі тазалайтын жүйелері бар. |
Имеет систему подачи пара и самоочистки. |
|
Маған онда 25 мың тұратын үтікті беріңіз. |
Дайте тогда мне утюг, который стоит 25 тысяч. |
|
Барлығы қанша болды? |
Сколько общая сумма? |
|
Барлығы 170 мың теңге. |
Общая сумма 170 тысяч тенге. |
|
Бөліп төлеуге бола ма? |
Можно в рассрочку? |
|
Әрине, болады. Каспий банкі арқылы алыңыз. |
Конечно, можно. Можете оформить через Каспий банк. |
|
Иә, сөйтейін. |
Да, наверно так и сделаю |
|
Онда қазір менеджерге барып рәсімдеңіз, сосын маған қайта келесіз. |
Тогда сейчас идите к менеджеру, оформите, потом подойдете ко мне. |
|
Жақсы, рақмет! |
Хорошо, спасибо! |