Құрметті оқырмандар, "Қазақша үйренейік!" айдарын жалғастырамыз.

Тұрмыстық техника дүкенінде

В магазине бытовой техники

Сәлеметсіз бе!

Здравствуйте!

Сәлеметсіз бе! Қош келдіңіз!

Здравствуйте! Добро пожаловать!

Мен тоңазытқыш қарайын деп едім.

Я бы хотела посмотреть холодильник.

Қандай фирманікін көрсетейін?

Какую фирму показать?

Қандай фирмалардікі бар?

Какие фирмы есть?

«BOSCH», «SAMSUNG», «LG» фирмалары бар.

Есть фирмы «BOSCH», «SAMSUNG», «LG».

Маған екі камералы тоңазытқыш керек.

Мне нужен двухкамерный холодильник.

Онда мына модельді көріңіз. Германияда жасалған, жалпы көлемі - 314 л.

Тогда посмотрите на эту модель. Производитель - Германия, общий обьем - 314 л.

Кепілдігі бар ма?

Есть гарантия?

Кепілдігі 1 жыл.

Гарантия 1 год.

Бұл модель қанша тұрады?

Сколько стоит данная модель?

145 мың теңге.

145 тысяч теңге.

Тағы не аласыз?

Что еще возьмете?

Бу беретін үтік керек еді.

Нужен паровой утюг.

Ондай үтіктер 15 мыңнан басталады. Функциясына байланысты әр түрлі. Сізге қайсысын берейін?

Такие утюги начинаются от 15 тысяч. Разные в зависимости от функции. Какой вам дать?

25 мың тұратын үтіктің қандай функциялары бар?

Какие функции имеет утюг стоимостью 25 тысяч?

Бу беретін және өзін-өзі тазалайтын жүйелері бар.

Имеет систему подачи пара и самоочистки.

Маған онда 25 мың тұратын үтікті беріңіз.

Дайте тогда мне утюг, который стоит 25 тысяч.

Барлығы қанша болды?

Сколько общая сумма?

Барлығы 170 мың теңге.

Общая сумма 170 тысяч тенге.

Бөліп төлеуге бола ма?

Можно в рассрочку?

Әрине, болады. Каспий банкі арқылы алыңыз.

Конечно, можно. Можете оформить через Каспий банк.

Иә, сөйтейін.

Да, наверно так и сделаю

Онда қазір менеджерге барып рәсімдеңіз, сосын маған қайта келесіз.

Тогда сейчас идите к менеджеру, оформите, потом подойдете ко  мне.

Жақсы, рақмет!

Хорошо, спасибо!

 

 

 

Дата публикации
01 июня 2021