1) Қазақстан Республикасы халқының ұлттық салт-дәстүрлерін, өнері мен мәдениетін таныту, жаңарту, сақтау жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің, ұйымдардың үйлестіру қызметін қамтамасыз ету;
2) жасына және дініне қарамастан ұлттық және әлемдік мәдениеттің құндылықтарына тарту, эстетикалық тәрбиені дамытуы бойынша мекемелермен және ұйымдармен бірігіп жұмыс істеу;
3) инфрақұрылымды дамыту және мәдениеттің материалды-техникалық базасын бекітуді, мәдени-демалу орталықтары: клубтар, Мәдениет үйлері, кітапханалар, ұлттық-мәдени орталықтар және мәдениеттің басқа ұйымдарының құрылуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
4) Саран қаласының аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру: мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, бірлестіктердің «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының жарлығымен бекітілген «2020-2025 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» талаптарын орындалын бақылау мәселелерін жүзеге асыру;
5) мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммунмкативтік қызметінің қолданылуын кеңейту және бекіту, ресми қолданылатын орыс тілінің жалпымәдени қызметін сақтауды қамтамасыз ету, этникалық топтардың тілдерін дамытуды қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру барысына талдауды жүзеге асыру үшін аймақтағы ұлтаралық және тілдік жағдайларды зерделеу бойынша, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен және басқа ұйымдармен өзара қарым қатынас, сонымен қатар мекеменің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша әлеуметтік тексерістер өткізу;