|
|
Саран қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 тамызда № 66/01 қаулысымен бекітілген |
«Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
мемлекеттік тілде - «Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - государственное учреждение «Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта города Сарани».
функциялары, құқықтары мен міндеттері
1) түрлі әлеуметтік жастағы топтардың қажеттіліктері мен мәдени қызығушылықтарын ескере отырып тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуді қамтамасыз ету ;
2) тұрғындарға мәдени-шығармашылық қызмет, эстетикалық және көркемдік тәрбие беру үшін жағдай жасау;
3) қала тұрғындары үшін мәдениеттің қол жетімділігін қамтамасыз ету;
4) меншік түріне қарамастан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың мемлекеттік тіл саясатын жүргізу қызметін үйлестіру;
5) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
6) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
7) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
8) Әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу.
1) мәдениет мекемелерінің мемлекеттік, ұлттық, кәсіптік және басқа да мерекелерді өткізудегі, мәдени-демалыс қызметін ұйымдастырудағы жұмыстарын үйлестіреді;
2) қазақ халқының және Қазақстан Республикасының басқа да халықтарының өнері мен мәдениетін, ұлттық салт – дәстүрлерін, фольклорын, қолөнер мен бейнелеу өнерін өркендету, сақтау, құру, тарату және әйгілеу, мәдени төлтума өнімдер мен қызметтердің нарығын қалыптастыру мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен бірлестіктердің үйлестіруші қызметін қамтамасыз етеді;
3) бүтіндей Қазақстан Республикасына жататын Қазақстан Республикасы халықтарының мәдени мұрасын сақтайды және мемлекеттік маңызы бар мәдени құндылықтарды жасайды, (немесе) пайымдайды және осыған сәйкес оны басқа мемлекеттерге беруге құқығы жоқ;
4) мәдениет мекемелерінің инфрақұрылымының дамуын және материалдық-техникалық базасының нығаюын, мәдени-сауық мекемелерінің құрылуын және қолданылуын қамтамасыз етеді;
5) Саран қаласының барлық тұрғындары үшін спорттық, мәдени-демалыс ісшараларының жалпыға бірдей қол жетімділігін қамтамасыз етеді, салауатты өмір салтын насихаттайды, дене тәрбиесі мен спорттың дамуына ықпал етеді;
6) Саран қаласының аумағында тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен, қоғамдық және басқа да ұйымдармен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша, сондай–ақ, мекеме құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша өзара ынтымақтаса әрекет етеді;
7.1) «Тіл туралы» заңның 25 – 3 – бабы 1 – 1) тармақшасына сәйкес Саран қаласы мен Ақтас кентінде маңдайшаларды орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады.
7.2) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 75 – бабына сәйкес бөлім басшысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жаза қолдану құқығы беріледі.
7.3) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 729 – бабының 2 – 1 тармақшасына сәйкес бөлім басшысы мен бөлімнің тіл жөніндегі бас маманына осы Кодекстің 75 – бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану құқығы беріледі.
7.4) Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңнамасының сақталуын және өзге де функцияларды жүзеге асыру және бақылау.
8) жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасау жөнінде шаралар қабылдау;
9) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп спорт түрлері бойынша спорттық жарыстар өткізу.
10) спорт түрлері бойынша құрама командаларды даярлау және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуы;
11) қала аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту;
12) қала аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімде қала аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинау, талдау және ұсыну;
14) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
15) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
16) мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін ұйымдастыру;
17) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан барлық мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың қала аумағында мәдениет пен тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты сақтауын үйлестіру;
2) қаржылық тәртіпті және бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды сақтау;
3) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнаманы бұзуға жол берген адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
4) жергілікті органдардан, мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдардан мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат сұрау;
5) заңнамаларға және осы Ережеге сәйкес белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы және өкілетті органдарға ұсыныстар енгізу;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің мәдениет және тілдерді дамыту салаларындағы ішкі және сыртқы саясаттарының негізгі бағыттарын іске асыру.
7) қала әкімдігінің және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың отырыстарына қатысу;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтары мен міндеттері бар.
1) мекеме бас мамандарының функционалдық міндеттері мен өкілеттілігін белгілейді;
2) мекеменің бас мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
3) заңнамалараға сәйкес мекеме қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
4) заңнамалармен белгіленген тәртіпте мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
5) мемлекеттік мекеменің қаржы және өкімдік құжаттарына қол қояды;
6) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда мекеменің өкілі болады;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға міндетті және бұл үшін дербес жауапкершілік жүктеледі;
8) заңнамаларға сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9) қала әкімдігіне мемлекеттік мекеменің Ережесі мен құрылымын, сондай-ақ олардағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;
10) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
11) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
12) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;
13) шарттар жасайды;
14) банк шоттарын ашады;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21.Мекемеге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
Мекеменің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi: