Осакаровка кентінің мәдениет үйінде Халықаралық отбасы күніне арналған «Ұрпақтар сабақтастығы» атты кездесу өтті. Кездесуге биыл отасқандарына 48 жыл толып отырған Сапаров Жұмағазы Саттарұлы, жұбайы Роза Хамитбекқызымен, отасқандарына 38 жыл толған Аманбеков Хайрат Сатыбалдыұлы, жұбайы Аманбекова Гульзабира Олжабайқызымен және де отасқандарына 1 жыл толған Аманбала Сержан, жұбайы Алиакбарова Лаура Жанибекқызымен қатысты. Кездесудің мақсаты отбасы мен неке құндылықтарын насихаттау, жоғарғы буын әке-аналарымыздың үлгісімен қазіргі жас отбасылардың мәртебесін көтеру, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа әлеуметтік-белсенді, тұрақты-өнегелі, сапалы тәрбие беруге жағдай жасау, отбасылық салт-дәстүрлерді, туыстық байланыстарды жаңғырту мақсатында өткізіліп отыр. Кездесуге қатысқан отбасыларымызды бүгінгі мерекемен Аудан әкімінің орынбасары Шалабаева Алма Қабыкенқызы құттықтады. 3 отбасымызға гүл шоқтарымен естелік сыйлықтар сыйланды. Баршаңызды бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Ақын, жазушы, драматург Әбділда Тәжібайұлы Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай, Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Осакаровка кентіндегі 11 сынып оқушыларының арасында «Қазақ поэзиясының флагманы – Әбділда Тәжібаев» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Балалар қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілімен танысты. Іс-шара барысында дөңгелек үстелге қатысушылар Әбділді Тәжібаевтың талантының жарқын қырларын атап өтті. Ол тек ақын ғана емес, бірқатар ғаламат лирикалық өлеңдер мен өлеңдерді жасаушы ғана емес, сонымен қатар шығармалары қазіргі қазақ театрының репертуарында берік орын алатын драматург, сондай-ақ филология ғылымдарының ғалым-докторы және ақындық жастардың ұстаз-тәлімгері.
Елімізде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің бастамасымен басталған "Таза Қазақстан" акциясының екінші аптасы басталды. Май айына дейін созылатын бұл шара "Киелі мекен" деп аталады. Мақсаты тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру болып табылады. Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және мәдени-сауық орталығының ұжымы ауданымыздағы «Интернационал жауынгерлерге - мәңгілік тағзым» ескерткішінің аумағына сенбілік жұмысын жасады.
13 сәуірде Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің және аудандық мәдени-сауық орталығының қызметкерлері елімізде бастау алған «Таза Қазақстан – Таза өлке» республикалық экологиялық акциясына қатысты.
Аудан бойынша «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға сауаттылық!» айлығының аясындағы жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының тіл туралы, Жарнама туралы және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнама талаптарын түсіндіру үшін ауданда 13 адамнан тұратын арнайы ақпараттық-мониторинг топтары құрылды.
Жыл басынан бері аудан бойынша нысандарда анықталған кемшіліктердің 76% түзетіліп, (ол 25 нысанның 22-і) 646 дана ақпараттық парақшалар таратылды.
Айлық аясында жүргізілген рейд шараларының саны – 47.
Бүгінгі таңда қысқа мерзімді курстарға аудан бойынша 60 адам қамтылған.
Жыл басынан бері 570 дана «Тілашар» қысқаша сөздігі таратылды.
Аудан бойынша шағын орта бизнес өкілдерінің 196–іне көмек көрсетілді.
Осакаров ауданында 120 үйірме жұмыс істейді, биылғы жылы 6 үйірме ашылып, қазіргі уақытта қазақтың қол өнерін, әндері мен салт-дәстүрін дәріптеп үйретуде.
Атап айтсақ, Осакаровка кентінде «Ақ жол» этно-мәдени орталығы жұмыс істейді. Басшысы Атретхан Сайран. Монғолия елінен көшіп келген азаматша. Осы орталықта қазақтың қол өнерін дәріптеп жүр. Үйірмеде – 10 адам (5 бала, 5 ересек адам).
Озерный ауылдық округіне қарасты Ералы ауылында қандастардың сұрауы бойынша ауылдық клуб ашылса, Озерный ауылында қол өнер шебері Матниязова Гүлбаршын киіз басып, ұлттық киімдер тігуде. Үйірме жұмысын да жүргізеді, үйірмеде – 6 бала.
Қарағайлы, Сарыөзек және Есіл ауылдарында ауылдық мәдениет үйлері мен клуб жұмыс істейді. Осы мәдени ошақтарында биылғы жылы «домбыра», «іс тігу», «сөз шебері», «ән айту» және «би» үйірмелері ашылды. Қарағайлыда – 10 (сөз шебері), Есілде – 5 (би), 5 (ән), Сарыөзекте – 6 бала.
Үйірмелерге қатысатын қандастардың саны 42.
Клубтық мекемелерде келесі драмалық қазақ тіліндегі үйірмелер жұмыс істейді.
Осакаровка кентіндегі аудандық мәдениет үйінде - 1 үйірме, 62 адам
Қарағайлы АМҮ - 1 үйірме, 35 адам
Уызбай АМҮ - 1 үйірме, 13 адам.
Ағымдағы жылдың ақпан айында Осакаровка кентіндегі аудандық мәдени-сауық орталығында қандастар отбасынан, отбасылық шығармашылықтың «Отбасым-бақыт мекенім» аудандық байқауы өтті. Байқау «Таныстыру», «Шығармашылық отбасы» және «Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар» 3 кезеңнен тұрды. Байқау қорытындысы бойынша 1-ші орынды Осакаровка кентінің тұрғыны Әвдікер Керейхан отбасы жеңіп алып, облыстық «Сарқылмас бұлақ» фестиваліне қатысуға сертификат алды.
17 наурызда Авдикер Керейханның басшылығымен «Ата жүрегім-Арман» отбасылық ансамблі Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған «Сарқылмас бұлақ» отбасылық ансамбльдерінің фестиваліне қатысып, алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапатталды.
"ОЙӨРІС" зияткерлік телеойыны. Қатысуға үміткерлерді шақырамыз. Анықтама телефоны: 8/72149/43075
Наурыз мерекесін тойлаудың онкүндігі шеңберінде облыстық ТЕДх форматында өткізілген «Тіл және дәстүр интеграциясы» кездесуіне аудандағы «Ару ана» вокалды хоры және «Рябина» этно-мәдени орталығы қатысты. «Қоғамдық келісім» үйінің салтанат залында өздерінің ұлттық тағам түрлерін, мәдени құндылықтары мен салт-дәстүрлерін, ғұрыптарын көпшілікке дәріптеп, насихаттады. Шараның екінші бөлігінде аудандағы этномәдени бірлестіктердің жұмыстары туралы баяндама жасалды. Бірлестік төрағасы Владимир Кощевец бастаған топ «Анашым» әнін орындады.
Жақсылықтың жаршысы болған Наурыз мейрамы Осакаров ауданында кең көлемде аталып өтті.