Меню

Страницы

Статья

Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас жазушылар мен көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби-шығармашылық байқауы

Ақселеу Сейдімбек атындағы жас жазушылар мен көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби-шығармашылық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

         2021 жылдың  қараша айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы көрнекті этнограф, жазушы, публицист, әдебиеттанушы Ақселеу Сейдімбек атындағы жас жазушылар мен көсемсөз шеберлерінің дәстүрлі облыстық әдеби-шығармашылық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаттары:

  • мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, облыс тұрғындарының тіл мәдениетін көтеру;
  • көркем проза пен көсемсөз жанрын жандандыру;
  • өзіндік жазу өрнегі бар жас жазушыларды, көсемсөз шеберлерін анықтау;
  • шығармашылығымен танылып жүрген жастарға қолдау көрсету;
  • ұлы дала тарихы мен мәдениеті, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық болмыс мәселелеріне арналған шығармаларды насихаттау.

Байқау шарттары:

         -   байқауға 16-35 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады;

- үміткерлердің қазақ және орыс тілінде жазылған шығармалары проза және көсемсөз (публицистика) жанрлары бойынша қабылданады;

         - әдеби журналдарда жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған шығармалар және үміткерлердің талапқа сай келмейтін шығармалары қабылданбайды;  

-  үміткерлердің байқауға ұсынған шығармалары қайтарылмайды және пікір берілмейді;

- бұған дейін осы байқаудың арнайы жүлдесіне ие болған жеңімпаздар қатыса алмайды; 

         - ұсынылған шығармалар электрондық нұсқада  Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт),  жоларасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен) жіберіледі;

- қатысушылардың жол ақысын жіберуші жақ немесе қатысушының өзі төлейді.

Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:

  • ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне;
  • шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына;
  • туындының көркемдік сапасына;
  • автордың стильдік ерекшелігіне назар аударылады.

Барлық тіркелген шығармаларды байқаудың қазылар алқасы алдын ала қарап, талдау жасайды және бағалайды.

         Байқаудың жүлде қоры

Байқау жүлдегерлері әр жанр бойынша (проза, көсемсөз)  дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен және аталған жанрлардың бірінде ерекше көзге түскен үміткер Ақселеу Сейдімбек атындағы арнайы жүлдемен марапатталады.

Арнайы жүлде (біреу) – 300 000 (үш жүз мың) теңге

І орын (екеу) – 150 000 (жүз елу мың) теңгеден

ІІ орын (екеу) –  100 000 (жүз мың) теңгеден

ІІІ орын (екеу)  – 75 000 (жетпіс бес мың) теңгеден

Ынталандыру сыйлығы (үшеу) – 50 000 (елу мың) теңгеден

Байқауға ат салысып, қосымша қолдау білдіреміз деген азаматтар болса қарсылық болмайды.

Байқауға қатысу

Байқауға  қатысу үшін үміткерлердің тапсырыстары (үлгідегі кестеге сәйкес аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, жеке куәлігінің көшірмесімен қоса) және шығармалары 2021 жылғы 5 қарашаға дейін  дейін kar_til@krg.gov.kz электронды мекенжайы бойынша қабылданады.

Анықтама телефоны: 8 (7212) 567476, 8 7028129378.

Ақселеу Сейдімбек атындағы жас жазушылар мен көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби-шығармашылық байқауына

қатысуға өтінім үлгісі

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған датасы

Өңірі

Жұмыс/оқу орны

Байланыс телефондары,

электронды поштасы

 

 

 

 

 

 



Дата публикации
23 сентября 2021
Дата обновления
23 сентября 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
15 апреля 2024
Тегін оқыту курстарына шақырамыз!
Хабарлама
10 апреля 2024
языковая политика
Мониторинг
28 марта 2024
Ономастика

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы