«Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» облыстық фестивалінің Е Р Е Ж Е С І Мақсаты мен міндеттері «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» облыстық фестивалі қазақ халқының өзіндік шығармашылығын, қолөнерін сақтау, насихаттау және одан әрі дамыту, орындаушылық шеберлігін арттыру, сахналық костюмдерін жаңарту мақсатында өткізіледі. Фестивалді өткізу шарттары «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» облыстық фестивалі 2021 жылдың маусым-шілде айларында жергілікті жерлерде облыстық қазылар алқасы мен облыстық теледидардың түсірілім тобының шығуымен өткізіледі (кестеге сәйкес). Әр аймақ ұсынады: • Қазақ қолөнерінің көрмесі- әбзелдер, киіз кілемдер, текеметтер, ағаштан, сүйектен және металдан жасалған бұйымдар, зергерлік әшекейлер, киім-кешек және т.б. шеберлердің этноауыл түріндегі бұйымдарын көрсету. • Қазақ шығармашылығының үздік орындаушыларының өнер көрсетуі- дәстүрлі әнші, ақын, күйші, термеші, жыршы, фольклорлық ансамлбдер, айтыскер ақындар. • Ұлттық ойындар – тоғыз құмалақ, асық ату, қазақша күрес және т.б. Облыстық телевизия «жоба күнделігі» форматындағы бейнематериалдың түсірілімін жүзеге асырады және эфирге шығуын қамтамасыз етеді. Үздік шеберлер мен орындаушылар 2021 жылдың желтоқсан айында Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайында өтетін облыстық қазақ қолөнер шеберлерінің көрмесіне және Гала-концертіне қатысады. Бағалау критерийлері 1) орындаушылық шеберлік; 2) әртүрлі жанр; 3) жаңа есімдер; 4) сахналық костюмдер; 5) сахна мәдениеті. Ынталандыру Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап (Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындар), дипломдар және ынталандыру сыйлықтарымен марапаттайды.Мəдениет