Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, бірлестіктердің ұлттық салттары мен дәстүрлерін, мәдениеті мен өнерін, Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың фольклорын, көркем кәсібі мен қолөнерін, жаңғырту, сақтау мәселелерін, сондай-ақ аудан аумағында бөлімнің құзырына енетін басқа да мәселелер бойынша қызметін үйлестіру. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тілдер туралы» заңдарының, 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының, аудандық ұйымдар мен мекемелерде, меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындарда тілдерді дамыту мен қолданудың аймақтық және салалық бағдарламаларының жүзеге асыру барысына тұрақты бақылау жасау; Сонымен қатар, аудан аумағындағы тілдер саясатын жүзеге асыру уәкілеттілігін қамтамасыз ету және тағы басқалар болып табылады. «Осакаров ауданындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» аудан әкімдігінің 2020 жылғы 11 наурыздағы №13/10 қаулысымен бекітілді. Ауданда мемлекеттік бағдарлама бойынша біршама жұмыстар атқарылып, орындалуда. Ағымдағы жылдың наурыз-мамыр айларында Осакаров ауданының тұрғындарынан қазақ тілі курсына 80 адам және ағылшын тілі курсына 80 адам қамтылған болатын. Жалпы 160 адам. Бөлінген қаражат 1 млн 618 мың теңге Сонымен қатар, қазақ тілін тегін оқыту курсына қосымша 160 мың теңге қаражат бөлініп, 20 адам оқытылуда. Курсқа мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері және мемлекеттік қызметшілер қамтылды. 2020 жылы жалпы оқыту курсына 100 адам қамтылған болатын. Оның ішінде 50 адам қазақ тілін, 50 адам ағылшын тілін оқыды. Бөлінген қаражат 1 млн 450 мың теңге. Өткен жылмен салыстырғанда оқыту курсына қатысушылар саны 65 пайызға, қаражат сомасы 10,8 пайызға өсті. Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту. Қазақ алфавитін латын қарпіне ауыстыру бойынша, «Жетілдірілген латын графикасы», «Латын әліпбиі-қазақ тілінің жаңа көкжиегі» тақырыптарында 3 онлайн-тренинг және 5 вебинар сабақ аудандағы мекемелер мен бастауыш және қазақ тілі пәндерінің мұғалімдері арасында өткізілді. Сонымен қатар, аудандағы мекеме, шағын кәсіпорындардың маңдайшалары мен жарнамаларындағы латын қарпінде жазылған мәтіндеріне сараптамалар жасалуда.