|
|
Осакаров ауданы әкімдігінің
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың
2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
Осакаров ауданының 2023 – 2029 жылдарға арналған
іс-қимыл жоспары
|
Р/с № |
Іс-шаралардың атауы |
Аяқталу нысаны |
Орындалу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1-бағыт. Тілдік ортаға негізделген тіл саясатын жүргізу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту |
||||
|
Нысаналы индикатор. Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі (Осакаров ауданы: 2023 ж. – 53%, 2024 ж. – 53,5 %, 2025 ж. – 54 %, 2026 ж. – 54,5 %, 2027 ж. – 55 %, 2028 ж.– 55,5 %, 2029 ж. – 56 %) |
||||
|
1. |
Меншiк нысанына қарамастан ұйымдарға, мекемелерге көрнекі ақпаратты дұрыс жазу, бизнес саласындағы көрнекі ақпаратты (хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, фискалдық (кассалық) чектер, басқа да көрнекі ақпарат) мемлекеттік тілде ресімдеу қажеттігі бойынша консультациялық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру |
Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына есеп |
2023 – 2029 жылдардағы қаңтар-желтоқсан (жыл сайын) |
Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі |
|
2. |
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жарнаманы орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық конкурсына аудандық іріктеу кезеңін ұйымдастыру |
Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына ақпарат |
2024 – 2025 жылдардағы қазан (жыл сайын) |
Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі |
|
3. |
Кәсіпкерлердің фискалдық (кассалық) чектерді «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шығаруын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізу |
Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына есеп |
2024 жылғы қараша |
Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі |
|
4. |
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру |
іс-шаралар |
2023 – 2029 жылдар, жыл сайын
|
Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы (келісім бойынша) |
|
5. |
Мемлекеттік мекемелерге, кәсіпкерлік субъектілеріне, квазимемлекеттік секторға олардың тіл заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі мақсатында түсіндіру жұмысын жүргізу, әдістемелік көмек көрсету |
Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына есеп |
2023 – 2029 жылдардағы қаңтар-желтоқсан (жыл сайын) |
Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі |
|
6. |
Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу шеңберінде тілдік ортаны дамыту мен құрудың өзекті проблемалары жөніндегі іс-шараларды өткізу және оларды БАҚ-та насихаттау |
Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына есеп |
2023 – 2029 жылдардағы қыркүйек (жыл сайын) |
Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі |
|
7. |
Мемлекеттік тілдің беделін арттыруға, қолданылу салаларын кеңейтуге (фестивальдер, кездесулер, акциялар және т.б.), тіл мәдениетін жетілдіруге (тіл туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, фразеологиялық сөз орамдары, аңыз адамдардың өсиеттері және т.б.) қатысты іс-шараларды ұйымдастыру |
Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына есеп |
2023 – 2029 жылдар, жыл сайын |
Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі |
|
8. |
Ересектер, оның ішінде азаматтық және мемлекеттік қызметкерлер үшін қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстарын ұйымдастыру |
курстар |
2023 – 2029 жылдардағы ақпан-қараша (жыл сайын) |
Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі |
|
Нысаналы индикатор. Мемлекеттік органдардағы, ұлттық компаниялардағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі |
||||
|
9. |
Мемлекеттік органдардағы жалпы құжат айналымында мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлестік көлеміне мониторинг жүргізу |
мониторинг қорытындысы |
2023 – 2029 жылдар тоқсан сайын |
Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі |
|
10. |
Ресми интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу |
ақпарат |
2024 – 2029 жылдардағы тоқсан сайын |
Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
|
|
11. |
Мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ете отырып, бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де қоғамдық іс-шараларды өткізу |
ақпарат |
2023 – 2029 жылдардағы қаңтар-желтоқсан |
Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі |
|
Нысаналы индикатор. Қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиін пайдаланатын жазба коммуникациясына қатысушылардың үлесі |
||||
|
12. |
Жергілікті атқарушы органдар жанындағы оқу орталықтарының оқытушылары мен ересек тұрғындарды оқыту үшін филологтар мен лингвист-ғалымдарды тарта отырып, семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру |
семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер |
2023 – 2029 жылдардағы сәуір – қыркүйек (жыл сайын) |
Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі |