
2021 жылдың жарты жылдығында ауданда онлайн режимде 745 мəдени-бұқаралық жəне ойын-сауық іс-шаралары өткізілді. Барлық іс-шаралар əлеуметтік парақшаларда: Фейсбукте жəне инстаграмда жарияланған. Ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығында мəдениет саласын қаржыландыру 183 млн. теңгені құрады. «Цифрлық Қазақстан» Республикалық бағдарламасын орындау аясында 2021 жылы мəдениет мекемелерінде оң өзгерістер болды: 5 ауылдық клуб мекемесінде 1 млн. 257 мың теңгеге бейнебақылау жүйесі орнатылған. "Ауыл-Ел бесігі" жобасы бойынша Молодежный кентінің МСО 126,1 млн. теңгеге, оның ішінде аудандық бюджеттен 12,6 млн. теңгеге күрделі жөндеу жоспарлануда. Жобаны іске асыру 2 жылға жоспарланған, ағымдағы жылға 93,3 млн. теңге бөлінді. Мердігер «КазЕвроСтрой» ЖШС. Николаевка жəне Пионер а. АМҮ ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 4,4 млн. теңге бөлінді. Звезда ауылындағы АК жылу жүйесіне 1,4 млн. теңге сомасына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Ауданның орталық кітапхана жүйесінде 30 кітапхана бар, оның ішінде 11 үлгілі кітапхана. 2021 жылдың 1 жарты жылдығындағы кітапхана қорының жағдайы 383050 дананы құрайды. Кітапхана жұмысын жақсарту үшін жалпы сомасы 3 млн. теңгеге 11 ноутбук, 11 МФУ, 1 теледидар, 2 проектор, 1 сканер, 14 Windows10 Pro бағдарламасы жəне 3 Fine Reader10 бағдарламасы сатып алынды. Қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілді қолдану үшін жағдай жасау бүгінгі күннің ажырамас талабы болып табылады. Барлық іс-шаралар ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытудың басымдығына негізделген жəне азаматтардың руханимəдени жəне тілдік қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға бағытталған. Қазақ тілі əліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру мəселелері бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде