Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында «Достар» мәдениет сарайында баспа және электронды БАҚ өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шара барысында журналистер қауымдастығының біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастырудағы және Көкшетау қаласындағы қоғамдық маңызы бар оқиғаларды объективті түрде жариялаудағы маңызды рөлі атап өтілді. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қаланың мәдени және спорттық жетістіктерін насихаттауға елеулі үлес қосып, мәдениет, тіл саясаты, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға ақпараттық қолдау көрсетіп келеді.
Кездесу барысында мәдениет мекемелері мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары, сондай-ақ қалалық іс-шараларды жариялаудың жаңа форматтары талқыланды.
Қатысушылар медиа саласындағы заманауи үрдістер жөнінде пікір алмасып, халықты жедел, шынайы әрі сапалы ақпаратпен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу ашық диалог пен сындарлы қарым-қатынасқа негізделген жылы әрі достық атмосферада өтті. Іс-шара соңында БАҚ өкілдеріне жемісті еңбегі мен ақпараттық кеңістікті дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Қопа көлінің жағалауы абаттандырылғаннан кейін ол қала тұрғындарының ең сүйікті демалыс орындарының біріне айналды. Жағалау бойында шағын футбол, баскетбол және волейбол ойнауға арналған заманауи спорт алаңдары, ашық аспан астындағы жаттығу құрылғылары мен балаларға арналған ойын кешендері орнатылған. Демалыс күндері мұнда адам қарасы көп болады: қала тұрғындары таза ауада спортпен шұғылданып, белсенді демалысты тиімді өткізеді.
Қалалық мәдениет және спорт бөлімі жағалауда әртүрлі спорттық-бұқаралық іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып, барлық жастағы тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып келеді.
Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында мұнда ерлер мен әйелдер арасында жағажай волейболынан жарыс өтті. Турнирге төрт команда қатысып, жоғары дайындық деңгейін, спорттық жігерін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Ойындар тартысты әрі қызықты өтіп, қатысушылар командалық бірліктің, өзара қолдаудың және жеңіске деген жігердің жарқын үлгісін танытты.
Жарыс спорт мерекесіне айналып, қатысушылар мен жанкүйерлерге көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан медальдармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқу мәдениетін дамыту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл кітапханалар жұмысына қалай әсер етеді? Бұл туралы қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Серік Жетпісқалиев айтып берді.
— Жаңа Жарлықтың маңызы қандай?
📖 Бұл — тек кітап оқуды қолдау емес. Бұл — білімді, мәдениетті әрі ойлайтын қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
— Қазіргі кітапхана қандай?
💻 Бүгінде кітапхана — тек кітап алатын орын емес. Мұнда коворкинг, интернет, электронды кітаптар, шеберлік сабақтары мен түрлі мәдени кездесулер өткізіледі.
— Қала тұрғындары қандай кітаптарды оқиды?
🔥 Психология, өзін-өзі дамыту, бизнес, IT және жасанды интеллект тақырыптары сұраныста. Жастар арасында фэнтези, комикс және young adult жанры танымал.
— Жастарды кітап оқуға қалай тартасыздар?
📱 TikTok, Instagram, кітап клубтары, квесттер, интерактивті жобалар және «Оқитын аула» жобасы арқылы.
— Қандай қиындықтар бар?
🎮 Әлеуметтік желілер мен жылдам контентпен бәсекелестік жоғары. Соған қарамастан кітапханалар заманға сай жаңарып келеді.
📚 Кітапхана — білімнің, дамудың және шабыттың орталығы.
✨ «Достар» мәдениет сарайы директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Ибраева Әсем Советқызы мәдениет саласына сіңірген қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін «Мәдениет саласының үздігі» медалімен марапатталды 🏅
✨ Бұл — Сіздің көпжылдық еңбегіңіздің, өнер мен мәдениетке деген адалдығыңыздың жарқын жемісі. Шын жүректен құттықтай отырып, Сізге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, толағай жетістіктер мен отбасылық бақыт тілейміз 🌷
✨ Әрдайым биік белестерден көрініп, мәдениет саласының дамуына қосып жүрген үлесіңіз еселене берсін! Сіздей жанашыр әрі талантты мамандар — көпшілікке үлгі, жас буынға шабыт 💐
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған облыстық «Өнер — халық қазынасы» көркемөнерпаздар байқауында Көкшетау қаласы І орын иеленіп, 1 000 000 теңгелік сертификатқа ие болды!
Бұл жеңіс — мәдениет саласында еңбек етіп жүрген шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Көкшенің өнері өркендеп, биіктерді бағындыра берсін!
25 мамыр күні Қазақ қалалық үлгілі кітапханасында «Ата-баба арманы – ақиқатқа айналған тәуелсіздік» атты тарихи сағат өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру, ел тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу және ата-бабаларымыздың ерлігі мен жанқиярлығының арқасында қол жеткізген тәуелсіздіктің ұлы құндылығын ұғындыру болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға қазақ халқының азаттық пен тәуелсіздік жолындағы ғасырлар бойғы күресі, туған жерді қорғаған батырлардың ерлігі, сондай-ақ мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан ұлттық зиялы қауым өкілдері туралы айтылды.
Қонақтардың ерекше қызығушылығын Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолын, ұлттық батырлардың тағдырын және халықтың рухани мұрасын арқау еткен тарихи әрі көркем әдебиеттер қойылған тақырыптық кітап көрмесі тудырды.
Тарихи сағат оқырмандардың рухани және патриоттық тәрбиесіне арналған маңызды алаңға айналды. Іс-шара ата-бабаларымызға деген алғыс пен бірлікке толы жылы атмосферада қорытындыланды. Ғасырлар бойы аңсаған еркіндік бүгінде шындыққа айналды.
Бүгін мәдениет және өнер қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтуде.
Жыл бойы «Достар» мәдениет сарайы ұжымының үйлесімді жұмысын тек шығармашылық ұжымдар, әдіскерлер мен мәдени ұйымдастырушылар ғана емес, сонымен қатар еңбегі көбіне көпшілік назарынан тыс қалатын мамандар да қамтамасыз етеді. Дәл осы жандар мәдени-көпшілік іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне барлық жағдайды жасайды. Олар — дыбыс режиссерлері, жарық берушілер, электриктер, өрт қауіпсіздігі қызметкерлері, костюмерлер, техникалық қызметкерлер және мәдениет сарайының заманауи қызметін оларсыз елестету мүмкін емес өзге де мамандар.
Олардың кәсібилігінің, жауапкершілігінің және өз ісіне деген адалдығының арқасында әрбір іс-шара жарқын әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлайды.
Кәсіби мереке орай қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Күнім Уразбаева мәдениет және өнер саласының барлық қызметкерлерін құттықтап, адал еңбектері, шығармашылық көзқарастары және қаланың мәдени өмірін дамытуға қосқан үлестері үшін шынайы алғысын білдірді.
Салтанатты кездесудің соңында ұзақ жылғы еңбегі, жоғары кәсібилігі және мәдениет саласына деген адалдығы үшін бір топ маман алғыс хаттармен марапатталды.
2026 жыл Көкшетау қаласының мәдениет саласы үшін ауқымды жобаларға, жарқын фестивальдерге, шығармашылық жетістіктерге және жаңа рекордтарға толы кезең болды. Қаладағы мәдениет мекемелері тұрғындардың шығармашылық әлеуетін дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау және дарынды жастарды қолдау бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастырды.
Қаланың мәдени өмірі үшін бұл жыл қандай болғанын Көкшетау қаласы «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы Құным Уразбаева әңгімелейді.
Бүгінде Көкшетаудағы мәдениет тек концерттер мен мерекелік іс-шаралармен ғана шектелмейді. Бұл – шығармашылыққа, қарым-қатынасқа, дәстүрлерді сақтауға және түрлі буын өкілдерін біріктіруге арналған кеңістік. Негізгі міндет – бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру ғана емес, таланттарды ашуға жағдай жасау, кітапхана ісін дамыту, шығармашылық ұжымдарды қолдау және мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту.
Кітапханаларға ерекше көңіл бөлінуде. Олар бүгінде тек кітап сақтайтын орын емес, заманауи ағарту, қарым-қатынас және мәдени демалыс орталығына айналды. Оқырмандарға баспа басылымдарымен қатар электронды кітаптар, цифрлық дерекқорлар және басқа да заманауи ресурстар қолжетімді. Бұл білім алуға және өзін-өзі дамытуға зор мүмкіндік береді. Жастар арасында кітап оқуды насихаттау бағытында әдеби кештер, зияткерлік ойындар, патриоттық акциялар және шығармашылық кездесулер ұйымдастырылып келеді.
Көкшетаудың мәдени өмірі әрдайым мазмұнды әрі алуан түрлі. Қалада фестивальдер, концерттер, көрмелер, театрландырылған қойылымдар, халықтық серуендер және заманауи шығармашылық жобалар өткізіліп, мәдениет әрбір тұрғынға қолжетімді бола түсуде.
Қаланың ерекше мақтанышы – шығармашылық ұжымдар. Бүгінде Көкшетауда «Халықтық» және «Үлгілі» атақтарына ие 15 ұжым жұмыс істейді, олардың жетеуі қалалық мәдениет бөліміне қарайды. Жыл бойы олар халықаралық, республикалық және облыстық байқауларда қаланың абыройын лайықты қорғады.
Нағыз жеңімпаздардың қатарында «World of Talent» халықаралық байқауында Бас жүлдені иеленген «Асыл мұра» халық ансамблі, бірнеше мәрте республикалық байқаулардың Бас жүлдесін жеңіп алған «Інжу» би ұжымы, «Жұлдызды жаз» халықаралық байқауында Бас жүлдеге ие болған «Батыр қыз» ансамблі, «Zhuldyz Art Kazakhstan» халықаралық байқауының жеңімпазы атанған «Балақай» студиясы, сондай-ақ Шымкент қаласында өткен «Нұрлы көктем» халықаралық чемпионатында жарқын өнер көрсеткен «Көкше» мәдениет үйі жанындағы «Ритм» би ансамблі бар.
Әрбір осындай жеңіс – ұжым жетекшілерінің, педагогтердің, ата-аналардың және қатысушылардың үлкен еңбегінің нәтижесі.
Өткен жыл қала тұрғындарының есінде ел көлемінде танылған ауқымды мәдени жобалармен де қалды. Солардың бірі – 1500-ден астам ананың басын қосқан «Ақ кимешек» аналар шеруі. Ұлттық киім киген әйелдер қазақ халқының бай дәстүрін паш етіп, жоба Қазақстан рекордтар кітабына енді.
Елеулі мәдени оқиғалардың бірі – еліміздің түкпір-түкпірінен келген танымал ақындардың басын қосқан «Құрмет саған, құрылысшы» республикалық айтысы болды. Қала мәдени өмірінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш те айрықша орын алды. Халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өткен көркем қойылым көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.
Жылдың ең көркем шараларының бірі – «Көк шалғын» демалыс саябағының ашылуы болды. «Мәңгілік алау» мемориалдық кешенінен Қопа көлінің жағалауына дейінгі аумақта музыкалық алаңдар, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмелері, оркестрлер мен этномәдени бірлестіктердің өнер көрсетуі ұйымдастырылды. Мерекенің жарқын сәніне айналған шаралардың бірі – жүзден астам жұп қатысқан ауқымды қалалық вальс болды.
Көкшетаудың шынайы брендіне айналып келе жатқан жобалардың бірі – «Шай ішейік Fest» фестивалі. Фестиваль аясында ұйымдастырылған ауқымды шай рәсімі де Қазақстан рекордтар кітабына енді.
Биыл ұлттық киімдегі екі мың ер азамат қатысқан «Қара жорға» биін жаппай орындау жобасы да қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бұл оқиға да Қазақстан рекордтар кітабына енгізілді.
Ағымдағы жылдың сәуір айында 5000-ға жуық қатысушы мен 70 шығармашылық ұжымды біріктірген «Ақмола жұлдыздары» қалалық көркемөнерпаздар байқауы өтті. Бұл жоба шығармашылықтың шынайы мерекесіне айналып, ұлттық мәдени мұрамыздың байлығы мен ұлылығын тағы бір мәрте паш етті.
2026 жыл Цифрландыру жылы болып жарияланғандықтан, мәдениет саласында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру негізгі бағыттардың біріне айналды.
Басым міндеттердің қатарында қаланың мәдени инфрақұрылымын дамыту, «Көк шалғын» аллеясы мен саябақ аймағында іс-шаралар өткізу, жағалауда open-air жобаларын ұйымдастыру, сондай-ақ мерекелік және мемлекеттік даталарға арналған мәдени бағдарламаларды дайындау бар.
Бүгінде Көкшетау мәдениеті дәстүр мен заманауи үрдістерді, рухани мұра мен жаңа шығармашылық идеяларды ұштастыра отырып, қарқынды дамып келеді деп сеніммен айтуға болады. Әрбір жүзеге асқан жоба, шығармашылық ұжымдардың әр жеңісі, әр фестиваль мен мәдени кеш қаланың үлкен тарихының бір бөлігіне айналып, оның бірегей келбетін қалыптастырып, тұрғындар арасындағы бірлік сезімін нығайтуда.
Алда – мәдени ортаны одан әрі дамытуға, дарынды жастарды қолдауға және бай ұлттық мұраны сақтауға бағытталған жаңа бастамалар, жарқын оқиғалар мен ауқымды жобалар күтіп тұр. Көкшетау өнер, шығармашылық және рухани құндылықтар қоғам өмірінің маңызды бөлігі болып қала беретін өңірдің ірі мәдени орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін сенімді түрде нығайтып келеді.
Көкшетау қаласы «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы Уразбаева К. А.
Бүгін «Достар» мәдениет сарайында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі студенттерінің өндірістік тәжірибесінің алғашқы күні өтті.
Практиканттар мәдениет мекемесінің қызметімен жан-жақты танысып, ұжым мүшелерімен кездесті және алдағы тәжірибе кезеңіне қатысты маңызды бағыт-бағдар алды. Сонымен қатар, студенттерге мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, көрерменмен жұмыс жүргізу және шығармашылық жобаларға қатысу ерекшеліктері таныстырылды.
Алдағы уақытта студенттер тәжірибе барысында мекеме ұжымымен бірге түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысып, кәсіби тәжірибелерін шыңдайтын болады. Бұл тәжірибе олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, болашақ мамандықтарына қажетті дағдыларды жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді.
Бүгін «Достар» мәдениет сарайында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі студенттерінің өндірістік тәжірибесінің алғашқы күні өтті.
Практиканттар мәдениет мекемесінің қызметімен жан-жақты танысып, ұжым мүшелерімен кездесті және алдағы тәжірибе кезеңіне қатысты маңызды бағыт-бағдар алды. Сонымен қатар, студенттерге мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, көрерменмен жұмыс жүргізу және шығармашылық жобаларға қатысу ерекшеліктері таныстырылды.
Алдағы уақытта студенттер тәжірибе барысында мекеме ұжымымен бірге түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысып, кәсіби тәжірибелерін шыңдайтын болады. Бұл тәжірибе олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, болашақ мамандықтарына қажетті дағдыларды жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді.