
31 желтоқсан күні Көкшетау қаласының бас алаңында Жаңа 2025 жылды қарсы алуға арналған салтанатты, мерекелік іс-шара өтеді.
Мерекеге дайындық қарқынды жүріп жатыр. Демалыс күндері де қалалық мәдениет бөлімі мен "Достар" мәдениет сарайының қызметкерлері мерекелік іс-шаралардың орталығына айналатын басты сахнаны тұрғызуда белсенді жұмыс істеуде.
Сахнада облыс әкімі сөз сөйлеп, қаланың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. Белгіленген күнге дейін сахна әдемі безендіріліп, жарқын шамдармен жарқырап, мерекенің сиқырлы атмосферасына айналады.
Қала тұрғындары мен қонақтарын әртістер мен ертегі кейіпкерлері ән айтып, би билеп, барша жұртты керемет шыршаның айналасына көңілді шеңбер құруға шақырып, қуантатын болады.
Мерекелік көңіл-күй, шамдар мен тамаша музыка бұл күнді барлық қатысушылар үшін ұмытылмас етеді.