Егеменді еліміздің рухани жаңғыруына, кемелденіп шарықтауына мәдени ошақ – кітапханалар өзіндік үлес қосуда. ҚАКЖ ұлттық құндылығымызды сақтап, жазба мұраларымызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мақсатында тың жұмыстар атқарылуда. Кітапхана жұмысында жаңа технологияларды қолдану – кітапхана қызметінің сапасын арттырып, оқырмандар санын толықтырып, мәдени іс-шаралар: жаңа кітаптың тұсаукесері, жазушылармен кездесу, кең ауқымды кітап көрмелерін ұйымдастыру, өлкетану бағытында жұмыс атқаруда.
Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің құрамында 12 кітапхана бар.Оқырмандарға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын 44 маман айналысады.
2024 жыл соңында, қалалық кітапханалардың жалпы кітап қоры 188850 дананы құрады, оның ішінде мемлекеттік тілде – 96175 дана кітап орын алды. Кітапхана қоры жаңа әдебиеттермен толықтырылады.
Өлкетану сипатындағы электрондық деректер базасын құру. ҚАКЖ «Туған өлкем-тұнған шежіре» электронды деректер базасы жұмыс атқарады.
Электронды қалалық кітапханада өлкетануға байланысты 1071дана кітап цифрланды.
Жергілікті бюджет қаражатынан кітапхана қорын жинақтауға 8309,0 жұмсалды, соның ішінде кітап сатып алуға- 5829,0 мың теңге, мерзімді басылымдарға жазылуға (2024ж. 2 жартыжылдығы және 2025ж. 1жартыжылдығы) 2480,0мың теңге.
Оқырмандар саны –32129
Келімі – 243844
Кітап берілімі –548498
ҚАКЖ-нің 2024 жылдың өткізілген іс-шаралар саны 948, адамды қамти отырып 39 260 құрады.
Мысалы:Красный яр қалалықүлгілікітапханасындаКөкенШәкеевтің 100 жылдығына«Өздәуірініңперзенті»атты еске алу кешінде, Көкен ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бұрыш ашылды.Қазақ қалалық үлгілі кітапханасында Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекеттік сыйлық лауреаты, жазушы, драматург Сәкен Жүнісовтің шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «Дархан дарын иесі» атты оқырман конференциясы болып өтті.Орталық қалалық үлгілі кітапханада «Көкшетау суретшілер көзімен» атты өнер кездесуі өтті. Көкшетау қаласы. Кездесу қонағы – дарынды қолөнерші, «Күнтай Құрақ» брендінің негізін қалаушы, сәндік-қолданбалы өнер шебері Смағұл Кенжебай Смағұлқызы.
Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған 11 жаңашыл жоба,12 клуб іске асып, жұмыс атқаруда. Кітапханашылар оқырмандарға кітапханалық қызмет көрметуден басқа, мәдени көпшілік іс –шаралар ұйымдастырылады, Кітап тұсаукесері, жастармен ашық алаң, кахот ойыны, ақын жазушылардың қатысумен кездесулер, дөңгелек үстелдер өтеді, көшпелі кітап көрмелері т.б.
ҚАКЖ-гі сайттаhttp://gibs.kokshe.kz/62 басылым. Көру саны 38928
Кітапханалар өміріндегі кез-келген оқиғалар міндетті түрде газет-журнал беттерінде жарияланады. 2024 жыл ішінде қалалық ақпараттық кітапхана жүйенің жұмысы және өткізілген ісшаралар туралы жергілікті және республикалық газеттер мен журналдарда 204мақалажарияланды. «Көкшетау»телеарнасында 49 репортаж өтті.
2025 жылға арналған негізгі міндеттер.