Көкшетау қаласындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 91,5%-ды құрады.
Тілдерді оқыту орталықтары
Бөлімге қарасты «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-сі 2024 оқу жылына жалпы 1010 тыңдаушы қабылдады. Жалпы 50 топта 706 тыңдаушы тіркелді. Оның ішінде 168 (24%) мемлекеттік қызметкер, 538 (76%) азаматтық қызметкер, ұлттық құрамы бойынша 436 (62%) жергілікті ұлт өкілдері, 270 (38%) өзге ұлт өкілдері.
Мемлекеттік тіл бойынша оқытылып жатқан жоғары деңгейлі 16 топта 210 тыңдаушы, базалық деңгейлі 20 топта 273 тыңдаушы, қарапайым деңгейлі 9 топта 133 тыңдаушы, ағылшын курсы 5 топта 90 тыңдаушы.
Сонымен қатар, қала мекемелерімен меморандум жасалып, әдістемелік көмек көрсетіліп 304 тыңдаушы қашықтықтан оқытылуда.
Орталық мемлекеттік, бюджеттік қызметкерлерге ақпараттық технологиямен байланысты стандартқа мүдделі жаңа білім беру, оқыту сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру мақсатында QR код, Quizziz,You Cut, Koohot қосымшаларын қолданады.
Орталықтың тағы бір жетістігі - тіл үйренушілерге арналған кейс. Он жыл бойы жинақталған ашық сабақтар, диктанттар мен мазмұндамалар, тіл ұстарту мәтіндері, салалық сөздіктер жинағын кітап қылып әзірлеуі.
Ономастика саласындағы жұмыстар
Жалпы Көкшетау қаласы бойынша- 379 көше, оның ішінде Көкшетау қаласында- 299 көше, Красный ЯР селолық округінде-57 (13 көше Нұрлы көш), Станционный кентінде-9 көше, Қызыл жұлдыз ауылында-1 көше бар.
2023 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атаулары 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасына» негізінде 9 көшеге жаңа атау берілді. Сонымен қатар, Красный Яр ауылының атауын қайта атау қалалық мәслихат сессиясында қаралып, облыстық ономастика комиссиясына құжаттар жолданды және Көкшетау қаласының 30 көшесі көпшілік тыңдауда қарастырылды.
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және акпарат министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірлесіп жергілікті тұрғындар тарапынан наразылық тудыруы мүмкін атаулар мен наразылық тудырмайтын атаулар бойынша талдау жұмыстарын жүргізді. Сонын нәтижесінде 2024-2028 жылдары өзгертуді жоспарлап отырған елді мекендер мен кұрамдас бөліктердің жол картасы әзірленді. Осы ретте облыстық ономастика комиссиясынын отырыстарын өткізуді, сондай-ақ атау беру және кайта атаудын процедуралары уакытша кейінге калдырылып, ономастика жұмыстары уақытша токтатылды.
ҚР Президенті әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау кезінде Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған және ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар» және «Жер-су атаулары» тізімдері басшылыққа алынады.
Көпшілік-ақпараттық шаралар
Тұрғындардың тілдік мәдениетін арттыруға, ұлттық рухани жаңғыруды насихаттауға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. 2024 жылы Ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту бөлімімен жыл сайынғы өткізілетін «Сауатты жарнама- тіл абыройы» атты облыстық онлайн байқауы өткізіліп, нәтижесінде ең көп жарнама эскиздерін бекіткен «Билборд» ЖА 1-орынды иеленіп республикалық байқаудан 3 орын алды.
Қыркүйек айында Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Д.Қ.Нұрсейітовтің қатысуымен Жергілікті атқарушы органдардың кадр, хатшы мамандарымен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі онкүндігіне орай Көкшетау қаласы мектеп оқушылары мен студенттері арасында «Тілім менің - тірегім» атты мәнерлеп оқу байқауын, «Маған қазақша сөйлеу ұнайды» өзге ұлт өкілдері арасында челленджі, «Мемлекеттік тілде құжат ресімдеудің талаптары» атты іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізудің маңыздылығын арттыру бағытында дөңгелек үстел өткізілді.
Сонымен қатар, бөлімге қарасты «Тілдерді оқыту орталығы» шағын және орта бизнес субьектілеріне мем.тілде қызмет көрсетуге қызығушылықтарын арттыру мақсатында жеңіл және ауызекі сөйлеу тіліне үйрету үшін «Сөйле КЗ» клубының жұмысын жандандырды.
Тіл саясаты бойынша «Ахмет жыры жадымда» жыршылар байқауы, «Балғын шақ» мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері арасында байқау, «Жігіт сұлтаны», «Қазақ аруы», «Қыран елім-Қазақстан», «Жырым сенсің Көкшетау», «Мемлекеттік тіл және кітапхана» т.б қалалық байқаулары өтті.
Қала бойынша мемлекеттік тілді насихаттайтын 5 баннер орнатылды.
Бөлімде орнатылған жедел желі телефонына жарнама агенттіктерінен жыл ішінде тіл заңнамасы бойынша 350-ден астам қоңырау шалынып, заңды кеңес берілді.
Қорытынды
Көкшетау қаласы бойынша тіл саясатын жүзеге асыруға арналған шаралар Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы және «Ақмола облысында идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған жол картасына» негізделетін болады.