Меню

Страницы

Статья

Мәдени-демалыс қызметі

    

Мәдениет объектілерінің шығармашылық қызметі Көкшетау қаласының тұрғындарының барлық жастағы және әлеуметтік топтарының  бос уақытын  тиімді пайдалануды ұйымдастыруға және мәдени, эстетикалық, адамгершілік тәрбиенің деңгейін арттыруға бағытталған.

2023 жылы мәдениет мекемелерінде  70 клубтық бірлестік жұмыс істеді, оларға 1915 адам қатысты. Оның ішінде ауылдарда 585 адамды қамтитын 30 клубтық құрылым бар.

          Бүгінгі таңда мәдениет мекемелерінің жеті тобының  «Халықтық» атағы бар - бұл «Арай», «Асыл мұра», «Сударушка», «Ритм» би ансамбльдері, «Таволга» фольклорлық шоу тобы, «Балқадиша» фольклорлық ансамблі, балалар үлгілі «Балақай» студиясы. Оларда 179 адам тартылған.

          Сондай-ақ, Көкшетау қаласында халықтық атағы бар 7 топ бар, олар Ж.Мусин  атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Назерке» халықтық аккапелла тобы», Ақан сері атындағы  мәдениет колледжі жанындағы «Жарқын» фольклорлық ансамблі,  облыстық балалар шығармашылық үйінің  «Гүлдер» халықтық ансамблі, «Жұлдыздар» үлгілі вокалдық тобы, «Хип-хоп» үлгілі би тобы  және  Достық үйіндегі  «Ғалиябану» фольклорлық ансамблі  мен «Русская песня» халықтық ансамбльдері.

Көркемөнерпаздар ұжымдарының белсенді жұмысы мен жоғары шығармашылық көрсеткіштерінің нәтижесінде облыстық, республикалық, халықаралық маңызы бар байқауларда жеңіске жетті.

         Мәселен, Әйгерім Дәулетхан облыстық «Шәмші әндері» байқауының дипломанты атанды.

          Наурыз айында өткен «Бұрымды қыз-2023» облыстық байқауында  Исабай Аружан Бас жүлдені иеленді.

        Сондай-ақ, осы  айда «Атам мен Әжем» байқауына ардагерлер хорынан қатысқан Есжанова Айман 30 000 мың теңгенің ақшалай сертификатын иеленіп, дипломант атағын алды.

          Алматыда хореографиялық өнердің «Гүлденген қызғалдақтар» халықаралық байқауында Көкшетау қаласының атынан Дина Орманшинаның жетекшілік еткен «Асыл мұра» фольклорлық ансамблі өнер көрсетіп, байқау қорытындысы бойынша 1 орынды иеленді.

Облыстық Шәмші Қалдаяқов әндері байқауында «Көкше» мәдени орталығының музыкалық жетекшісі Ақтоты Әбдірахман 3-дәрежелі лауреат атағына ие болды. Бұған қоса, музыкалық жетекші Көкшетау қаласында өткен Республикалық «Дельфий ойындары» фестивалінде 3-дәрежелі дипломды,   облыстық әскери-патриоттық әндер байқауында екі  рет 1-дәрежелі дипломдарды  жеңіп алды.

          2023 жылдың сәуір айында «Ритм» халық би ансамблі Атырау қаласында хореографиядан өткен «Би отшашуы» шығармашылық чемпионатында екі би ұсынып, елге 1-дәрежелі диплом мен Бас жүлдемен оралды. Қараша айында Алматы қаласында өткен  «Әр бала жұлдыз!» халықаралық хореографиялық байқауында да  би ұжымы Бас жүлдеге   ие болды.

          Қабдилмәжіт Айдын Республика күнін және қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығын мерекелеу аясында Атбасар аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған «Сағындырған әндер-ай!» облыстық байқау-фестивалінде лауреат атанды.

          Желтоқсан айында Ақмола облысының мәдениет басқармасы жанындағы Облыстық халық шығармашылығы  орталығы мәдениет мекемелері қызметкерлері арасында өткен «Жыл үздігі-2023» облыстық байқауының қорытындысы бойынша «Үздік ұйымдастырушы-2023» номинациясын «Достар» мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Ақмарал Илюбаева иеленіп, диплом мен  200 мың теңге ақшалай сертификатпен марапатталды.

Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында мәдениет бөлімі  өз жобаларын да жүзеге асыруда. Солардың бірі – «Talant time» жобасы. Жобаның мақсаты – білім, шығармашылық және спорт салаларындағы жас таланттарды анықтау.

          Жобаның тұжырымдамасы негізінде дарынды балалар тікелей эфирде өздері туралы әңгімелеп, әдебиет, би, сурет салу, шет тілі, музыка және ментальды арифметика бойынша шығармашылық қабілеттерін көрсетеді. Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап телебағдарламаға 20-дан астам талантты бала қатысты.

Отбасы құндылықтарын сақтау, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды насихаттау, отбасылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында Салтанат сарайы жанында  «Ақ босаға» отбасылық демалыс орталығы жұмыс істейді. Орталықта  медиатор және психолог кабинеті, этно-шеберхана, «Ару» қыздар клубы, ұзақ өмір сүру клубы, «Көкше - AIBYN» патриоттық тәрбие клубы, К.Шәкеев атындағы ақындар мектебі, вокалдық-аспаптық ансамбль, үстел ойындары бойынша секциялар жұмыс жүргізеді. Отбасы орталығына бос уақытын қызықты, шығармашылықпен және отбасымен өткізгісі келетін қала тұрғындары келеді.

           «Арт-Спорт» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін шығармашылық топтар – «Шабыт» білім-шығармашылық орталығы, «Art Dance» балалар би студиясы және «Балақай» шығармашылық студиясымен бірлесіп іс-шаралар өткізу туралы екі жақты меморандум бекітілді.

          2023 жылы клубтық мәдениет нысандарында 4 мың 89 іс-шара өткізілді, оның 613-і ауылдық жерлерде, 926-сы кітапханаларда. Клуб ұйымдарында көрермендер саны 934 мың 400 адам, оның ішінде ауылдық жерлерде 68 мың 752 адам, кітапханалардағы іс-шараларға қатысушылар саны 39 мың 50 адам болды.

Оқырмандар саны –32 мың 105 (2022 ж. 32100) +5

Келім саны – 243 мың 820 (2022  ж. 243808) +12

Кітап берілімі -548 мың 286 (2022 ж. 573286) -25000

Кітап қоры 12 айда 199 мың 689 дананы құрады, оның ішінде мемлекеттік тілде 98 мың 605 дана.

  1. Ақпараттық жұмыс

         2023 жылдың есепті кезеңінде Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінің парақшаларында мемлекеттік және орыс тілдерінде 2370 жазба, оның ішінде 19 бейнеролик орналастырылды. Әлеуметтік желілердегі жазылушылардың саны 20 564 адамды құрайды. Ресми сайттардың қаралу саны – 35860,  кітапханаларда  – 36 875.

Бөлім сайтындағы жарияланымдар саны – 280. Веб-сайтты қаралым саны – 4000 адам.

          Басқарманың және оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысы туралы баспа басылымдарында 197 материал жарияланды: республикалық – 36, облыстық газеттерде – 62, қалалық газеттерде – 99 мақала. «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасында 42 репортаж көрсетілді.

Жоспарлар:

         2024 жылға арналған жоспарларда Көкшетау қаласы күнін мерекелеуге байланысты ауқымды жобаларды ерекше атап өту керек. Бұл орталық алаңда қазақ эстрада жұлдыздарының шақыруымен өтетін үлкен мерекелік концерт, республикалық айтыс, қалалық ашық айтыс, ұлттық спорт түрлерінен Аламан бәйге, Көкпар, т.б бірқатар спорттық шаралар, қаламыз бен облысымыздың тарихи тұлғаларының картиналары галереясының ашылуы,  «Көкшетау -360» панорамалық экскурсиясы, жергілікті ақын-жазушылармен шығармашылық кештер, теледидарлық ток-шоулар, республикалық «Сабантой» мерекесі және т.б.

Жалпы 2024 жыл көлемінде өткен жылы алға қойған міндеттерді одан әрі іске асыру міндеті тұр. Көркемөнерпаздар шығармашылығын, басқа да көркемөнерпаздар шығармашылық бастамаларын және халықтың әлеуметтік-мәдени белсенділігін қолдап, инновациялық шығармашылық жобаларын  және мемлекеттік мәдениет саясатын жүзеге асырамыз.

Мәдени-демалыс қызметі

 

Дата публикации
23 января 2024
Дата обновления
23 января 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
05 марта 2025
Мемлекеттік қызмет көрсету
Ақпарат
05 марта 2025
Мемлекеттік қызмет «Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласында көпшілік алдында талқылау өткізу туралы есеп
Ақпарат
24 февраля 2025
Оказание государственных услуг

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы