2025 жылғы қаңтар–желтоқсан айлары аралығында «Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы ақпарат
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі 2 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
«Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 2025 жылы 714 мемлекеттік қызмет көрсетті. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету және оларды пайдалану бойынша өтініштер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету белгіленген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтердің түрлері мен оларды көрсету тәртібі туралы ақпарат мекеменің ақпараттық стендтерінде және https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-kokshetau?lang=ru сайтында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтердің сапасы, уақтылығы және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейі көрсеткіштерін жақсарту, мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында 2025 жылға арналған бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау бойынша жауапты тұлғалар тиісті құқықтық актімен бекітілген, мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне тұрақты мониторинг жүргізіледі.
Анықтама телефоны: 8 (7162) 50 30 05