Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің 2025 оқу жылы бойынша есебі

      Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-сі 2025 оқу жылына жалпы 1010 тыңдаушы қабылдады. Жалпы 40 топқа  729 тыңдаушы тіркелді. Оның ішінде 197 (27%) мемлекеттік қызметкер, 532 (73%) азаматтық қызметкер, ұлттық құрамы бойынша 507 (70%) жергілікті ұлт өкілдері, 222 (30%) өзге ұлт өкілдері.

    Мемлекеттік тіл бойынша оқытылып жатқан  жоғары деңгейлі 18 топта 317 тыңдаушы, базалық деңгейлі 15 топта 279 тыңдаушы, қарапайым деңгейлі 3 топта 52 тыңдаушы,  ағылшын курсы 4 топта 81 тыңдаушы.

Сонымен қатар, қалалық 4 мекемемен ынтымақтастық меморандум жасалып, әдістемелік көмек көрсетіліп 281 тыңдаушы қашықтықтан оқытылды.          

Емтихан көрсеткіштеріне сәйкес, 2025 жылы 398 тыңдаушы сертификат алады. Оның ішінде, мемлекеттік тіл курсынан 317 тыңдаушы, ағылшын тілі курсынан 81 тыңдаушы сертификат алады.

Орталық тапсырыс түсірген мемлекеттік мекемелерді ҚАЗТЕСТ диагностикалық тестілеуден өткізіп тұрады.

Әдістемелік жұмыстар бойынша ақрпарат:

Әр аптаның жұма күні орталық қызметкерлері әдістемелік күн өткізіп, оқытушыларға әдістемелік көмек көрсетіп, жаңа технологияларды меңгереді. Орталық оқытушылары мемлекеттік, бюджеттік қызметкерлерге ақпараттық технологиямен байланысты стандартқа мүдделі жаңа білім беру, оқыту сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру мақсатында жасанды интеллект негізіндегі цифрлық құралдарды: VIRBO, WIZER.me, DID, WordWall, Padlet, Edpuzzle, Genially, Vocaroo, Soyle Pro, Educaplay және басқа да білім беру платформаларын белсенді түрде енгізіп келеді. Бұл ресурстар оқу үдерісін қызықты, интерактивті әрі қолжетімді етеді. Осы платформаларды пайдалану арқылы оқу форматын түрлендіріп, интерактивті тапсырмалар дайындайды. Смартфон интерактивті тақтаның орнын толықтай алмастыра алады, бұл мобильді әрі икемді оқыту жағдайында өте қолайлы. Цифрлық құралдардың көмегімен тыңдаушылар оқу материалын жылдам меңгереді, мотивациясын жоғалтпай, сабаққа белсенді қатысады. Сонымен қатар оқытушыларға уақыт үнемдеуге, тыңдаушылардың прогресін бақылауға және әрбіріне жеке бағытталған кері байланыс беруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде оқыту үдерісі заман талабына сай, тиімді әрі барынша жетілдірілген сипатқа ие болып отыр.

Тіл үйренушілерге үйрену процессін тиімді ұйымдастыру үшін tilqural.kz, termincom.kz, sozdikqor.kz, EMLE.kz. QAZLATYN ресурстарын ұсынады.

Мемлекеттік тілдің позициясын нығайту, қолданыс аясын кеңейту мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралардың жоспары кең көлемді. желі бетінде  «Әнді сүйсең, менше сүй» онлайн арт-караоке, қазақ салт-дәстүрлерін насихаттау жұмыстары бойынша «Асыл қазынам» ақпараттық-танымдық парағы  ұйымдастырылған.  Сонымен қатар,   қаламыздың көше атауларын насихаттау бойынша «Көкше көшелері» жобасы жүргізіліп, бірқатар бейнебаяндар түсірілді.

Іс-шаралар бойынша ақпарат:

2025 жыл бойынша жоспарланған іс-шаралар өз кезегімен 100% орындалды. Орталық қызметкерлері мемлекеттік тілдің позициясын нығайту, қолданыс аясын кеңейту мақсатында атқарылып жатқан барлық іс-шараларға белсенді түрде қатысты. Ақмола облысының ішкі саясат басқарамасы ММ ұйымдастыруымен ҚР тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Ақмола облысы қазақ тілі оқытушыларының Тіл форумына, Ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын республикалық «Киелі кимешек» аналар шеруіне, Республика күнін қатысты іс-шараларға, Ақмола облысының ішкі саясат басқарамасы ММ ұйымдастыруымен Халықаралық қазақ тілі күніне орай Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалу туралы іс-шараға, Ақкөл ауданының Тілдерді оқыту орталығында «Наурыз - ұлттық жаңғыру мейрамы» атты семинар-кеңесіне, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту жән архив ісі басқармасының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен оқытушылардың біліктілігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу, шетелдегі отандастарға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Абайдың идеясын заманауи білім жүйесінде дамыту» тақырыбында республикалық семинар-практикумына, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді дамыту орталығы» КММ-сі «Тіл әдістемесінің өзекті мәселелері» атты облыстық семинарына, Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нде «Мемлекеттік тілді оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану ерекшеліктері мен тиімділігі» атты облыстық семинар-кеңестеріне белсенді түрде қатысты. Сонымен қатар орталық оқытушылары қаланың көрнекі ақпарат құралдары Қазақстан Республикасы Тіл туралы Заңының 21-бабына сәйкес дұрыс жазылуы бойынша зерделеу жұмыстарына көмек көрсетті.

 Мемлекеттік атаулы даталарға  байланысты семинарлар, дөңгелек үстелдер, интеллектуалды ойындар, викторина, ашық сабақтар, квест ойындары, челлендждер, ақпараттық, танымдық сағаттар, әдеби марафондар, поэзиялық кештер өткізді.

Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесіне орай Көкшетау қаласының әкімдігі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының қолдауымен Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен оқытушылардың біліктілігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Тіл үйретудегі инновациялық әдістер: теориядан тәжірибеге» тақырыбында өңірлік практикалық конференция өтті. Конференцияға жергілікті университеттерден лингвист ғалымдар, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мүшелері, зиялы қауым өкілдері, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Рудный қаласының білікті тіл мамандары, Ақмола облысының тілдерді оқыту орталықтарының басшылары мен қызметкерлері, тіл жанашырлары, студенттерден құралған 120-дан  аса адам қатысты. Өңірлік практикалық конференцияның соңында тәжірибесімен бөліскен ғалым мамандар Көкшетау қаласының әкімі А.Қ. Күмпекеевтің алғыс хатымен, 61 тіл маманы Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Нүгертаеваның атынан біліктілік арттыру сертификаттарымен марапатталды. Конференцияның соңы концерттік бағдарламамен аяқталды. Сонымен қатар, Көкшетау қаласының «VIAMEDIS»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалында «Тіл - тарих айнасы» атты  интеллектуалды ойыны, «Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаменті» ММ-де «Тіл – ұлттың жаны» атты викторина, туған тілімізді дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында «Ана тілің – арың бұл» атты жалпықалалық челлендж, «Тіл – рухани байлық» тақырыбында брейн-ринг, «Star Hour» атты викторина, «Достар» МС-мен бірлесіп  «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты өзге ұлт өкілдері арасында көркемсөз оқу шеберлері байқауын өткізді.

Орталықтың ағымдағы жылға қойған жоспарлары қала тұрғындарының  әртүрлі топтарын оқытумен қамту, Қазақстан Республикасының басқа өңірлерімен іс-тәжірибе алмасу, қала көшелерінде көрнекі ақпарат құралдарының мемлекеттік тілде сауатты жазылуына ат салысу болып табылады.

 

 

 

Дата публикации
16 января 2026