Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру және алу ережелеріне өзгерістер енгізілді. Енді портал арқылы 2–3 спорт разряды мен 1–3 жасөспірімдер разрядтары бойынша мемлекеттік қызметке өтінім берген кезде спортшының өзінің өтінішін қоса беру міндетті. Бұған дейін мұндай талап болмаған.
Сонымен қатар, жаттықтырушы, әдіскер, нұсқаушы-спортшы және спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру туралы өтінімдерді электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) расталған электрондық құжат түрінде жеке кабинет арқылы жіберу қажеттігін назарларыңызға береміз
Мұратбеков Ерік, бөлімнің бас маманы