2025 жылғы мамырда мемлекеттік қызметтер көрсету

«Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

• «Спорттық разрядтар беру»;
• «Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану құқығы».

2025 жылғы мамыр айында бөлім 110 мемлекеттік қызмет көрсетті. Негізделген бас тартулар тіркелмеген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсету Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат мемлекеттік мекеменің сайтында және ақпараттық стендінде орналастырылған.

Анықтама телефоны: 8 (7162) 52-30-05
Жұмыс уақыты: 9.00 - 18.30
Түскі үзіліс: 13.00 - 14.30
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

 

Дата публикации
09 июня 2025