«Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
1) Көкшетау қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi жанындағы «Достар» мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2) Көкшетау қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Көкшетау қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмiнің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Егер «Көкшетау қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
1) құқықтары:
- меншігіне қарамастан жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт мәселелеріне байланысты сұрау салады;
2) міндеттері:
- кітапхана, мәдени – ағартушылық ұйымдар, өңдеу және мәдени – тарихи орталықтар атқарушы ұжымдардың қызметін қамтамасыз ету және құру арқылы мәдени құндылықтарды сақтау бойынша жылдық және ұзақ мерзімді тақырыпты және өндірістік жоспар әзірлейді.
- ведомостволық бағынысты мәдениет және спорт мекемелерінде еңбек қорғау, техника қауіпсіздігі және өндірістік санитария бойынша шараларды жүзеге асырады, белгіленген ережелердің орындалуын бақылайды.
- ведомостволық бағынысты мәдениет мекемелерінде бухгалтерлік, статистикалық есеп беруді ұйымдастырып, бақылайды, олардың балансын қарайды, жинақтау – ақпараттық есепті тексеріп, талдайды.
- ведомостволық бағынысты мәдениет қызметкерлерінің негізгі қызметі нәтижесі бойынша қолданыстағы Ережеге сәйкес қызметкерлерге сыйақы беруді қарастырады және бекітеді.
- әуесқой көркем және техника шығармашылық ұжымдардың, студия, үйірмелер құруға ықпал жасайды, олардың мәдени – шығармашылық ағарту қызметіне көмек көрсетеді.
- әуесқой бірлестік пен клубтардың дамуына қоғамдық маңызды бастамаларға қолдау және дамыту ісінде жәрдемдеседі.
- мәдени – демалыс іс – шараларын өткізу үшін белгіленген тәртіпте кәсіби деңгейдегі орындаушыларды, режиссерлерді, бишілерді, концермейстрлер, дыбыс операторлар, дыбыс режиссерларын ақылы негізде тартады.
- мемлекеттік, кооперативтік, қоғамдық кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен және жеке фирмалармен келісе отырып, шығармашылық өнімді жүзеге асырады, жұмыстың(қызметтің) атқарылуын ұйымдастырады.
- «Көкшетау қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне енетін сұрақтарға байланысты семинарлар, жиналыстар, конференциялар өткізеді;
- қалалық аймақаралық және республикалық шаралар, спорттық жарыстар және жиындар өткізеді;
- қалалық конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дипломдармен және грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау мәселелерін белгіленген тәртіппен шешеді;
- еңбек ұжымдары, оқу орындары арасында көркемөнерпаздар байқауларын өткізу, тақырыптық және мәдени іс-шаралар өткізу;
- ұрпақ сабақтастығы негізінде олардың пікірі мен ұсынысын есепке алып, халықтың, жастардың рухани, интеллектуалды және шығармашылығымен дамуы үшін жағдай жасау;
- Қазақстан халқының көркемөнерпаздар шығармашылығын дамыту, байыту, салауатты қажеттіліктер мен жоғары көркемдік талғамдарды қалыптастыру;
- тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, реставрациялау, пайдалану ісін нығайту және дамыту;
- аумақтық бөлімшелермен тіл туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
- мемлекеттік тілді дамытуға, мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі оқу – әдістемелік құралдарды, оқулықтарды әзірлеу мен таратуға және инновациялық технологиялар негізінде оны енгізуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру;
- тілдік орта құру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, мемлекеттік тілді дамытудың өзекті проблемалары бойынша іс-шаралар өткізу, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді зерделеу бойынша жаңа әдістеме мен компьютерлік бағдарламаларды тарату, ағартуды, мәдениетті дамытуға жәрдем көрсету, өскелең ұрпақты әлемдік құндылықтар мен қазақстандық патриотизмді құрметтеу рухында тәрбиелеу;
- мемлекеттік және ұлттық мерекелерге орай қаланы мерекелік безендіру;
- театр – ойын – сауық, би – ойын – сауық, көрме, дене шынықтыру – сауықтыру залдарының, ойын автоматтары мен аттракциондардың жұмысын ұйымдастыру, тақырыптық, театр – концерттік, би – ойын – сауық, ойын, ақпараттық – көрме, әдет – ғұрып, әдеби-көркем, бейне-компьютерлік, қалпына келтіру-қалпына келтіру және басқа да мәдени-демалыс бағдарламаларын дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асыру.
- халықтың спорттық қажеттіліктерін болжауды ұйымдастырады, қаладағы дене шынықтыру және спорт жүйесін дамыту стратегиясын әзірлейді, әкімдіктің атқарушы органдарымен бірлесіп, дене шынықтыру мен спортты дамытудың қалалық бағдарламасын жасайды;
- дене шынықтыру және спорт жүйелерінің жай-күйін, сондай-ақ халықтың спорттық қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейін талдайды;
- спорт желісінің оқушылары мен тәрбиеленушілері контингентінің өзгеру үрдістерін болжауды қамтамасыз етеді және олардың типтері мен бейінін таңдауда халықтың мүдделерін барынша қанағаттандыру үшін қалада спорт мекемелерінің жаңа типтерін дамыту жөніндегі шаралар кешенін айқындайды;
- барлық мүдделі кәсіпорындармен және ұйымдармен бірлесіп, дене шынықтыру мен спортты дамытудың қалалық бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады;
- спорттық мекемелерге басшылық жасайтын және спорттық кадрлармен қамтамасыз етуді зерделейді, олардың мамандарын дайындау қажеттілігіне болжам жасайды;
- спорттық мекемелерге жаңа құрал-жабдықтардың жаңа үлгілері қажеттігін анықтайды;
- барлық типті балалар мен оқушылардың спорттық мекемелерінде әлеуметтік-кепілдік ережелерді әзірлейді.
- мәдениет және спорт саласындағы нысаналы бағдарламаларды қаржыландыру мәселелері бойынша қала әкімдігіне ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
- заңға сәйкес халықаралық,ауданаралық спорттық қарым-қатынастарды жүзеге асырады;
- қаланың спорт мектептерімен бірлесіп спорт резервін дайындауды үйлестіреді, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан спорт клубтары, мектептер, құрылыстар желісінің дамуын бақылайды;
- меншік түріне қарамастан қала аумағында орналасқан барлық типті спорт мектептер және оқу орындарынан ақпарат және бекітілген статистикалық есеп алады;
- ведомстволармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылатын спорттық іс-шаралар жоспарларын үйлестіреді, іс-шаралардың, жарыстардың бірыңғай күнтізбелік жоспарларын әзірлейді, олардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады;
- қала халқының өтініштерін, хаттарын, арыздарын бекітілген заңға сәйкес қарастырады;
- азаматтармен жеке қабылдау күндерін өткізеді, олардың заңды талаптарын және негізделген өтініштерін орындауды қамтамасыз етеді;
- «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкесмемлекеттік қызмет көрсетеді;
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Көкшетау қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн және құрылымдық бөлiмшелердiң басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) «Көкшетау қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiлiгiн анықтайды;
3) «Көкшетау қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiн басқаруды iске асырады: «Көкшетау қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң жұмысшыларының жұмысын ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды;
4) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады, қол қояды және тапсырмалар бередi;
5) бекiтiлген штат саны лимитiн негiзге ала отырып, «Көкшетау қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң штаттық кестесiн, лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, барлық мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдарда «Көкшетау қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң мүдделерiн ұсынады;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Көкшетау қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiне көтермелеу шараларын қолданады және тәртiптiк жазаға тартады;
8) заңнамамен белгiленген тәртiпте «Көкшетау қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң мүдделерiн ұсыну үшiн бөлiм қызметкерлерiне сенiмхаттар бередi;
9) тiл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар бередi, Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзуда кiнәлi лауазымды тұлғаларға тәртiптiк жаза шараларын қолдану туралы тиiстi органдарға ұсыныстарды енгiзедi;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшiн дербес жауапты;
11) басқарудың белгiленген тәртiбiне қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларға қол қояды;
12) бiлiм беру, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары туралы хаттамаларға қол қояды;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi iске асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкi
«Көкшетау қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
«Көкшетау қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22.«Көкшетау қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24.«Көкшетау қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Көкшетау қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi және оның
ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
«Көкшетау қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi жанындағы «Достар» мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
«Көкшетау қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесi
1) Көкшетау қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Көкшетау қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмiнің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.