Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

«Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

  • «Спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру»;
  • «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету».
 

1.Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасы

      1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының25) тармақшасына сәйкес әзірленді және спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру тәртібін, сондай-ақ олардың сипаттамасын айқындайды.

2-тарау. Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру, омырауға тағатын белгілерді беру тәртібі, сондай-ақ олардың сипаттамасы

  1. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атақтары және біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады (бұдан әрі - спорттық атақтар және біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет), оны алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация), "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүгінеді.
  2. Спорттық атақтар және біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және көрсету нәтижесі, сондай-ақ спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметінің ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидалардың 1-қосымшасындамемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты форматында баяндалған.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін уәкілетті орган және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ мерзімі өткен құжаттарды ұсынса Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушының өтініштерінің тарихында спорттық атақтар мен біліктілік санаттары мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

  1. Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күні (сағат 18:00-ден кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне(бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
  2. Уәкілетті органның жауапты қызметкері құжаттарды портал арқылы алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Стандарттың 8–тармағында көзделген ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін, сондай-ақ Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттар беруге арналған нормалар мен талаптарға (бұдан әрі – Нормалар мен талаптар) сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған, Нормалар мен талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті органның жауапты қызметкері өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жібереді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті орган 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және оң шешім болған кезде спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрық қабылдайды.
  2. Бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын уәкілетті орган оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша ескертулерді жойған кезде уәкілетті орган құжаттар топтамасын қарайды, оң шешім болған кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрық қабылдайды, теріс шешім болған кезде дәлелді бас тарту жібереді.

  1. Уәкілетті орган спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың негізінде бес жұмыс күні ішінде баспахана арқылы осы Қағидалардың 4-қосымшасынасәйкес нысан бойынша спорттық атақтар мен төрешілік санаттарының куәліктерін дайындауды және осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті омырауға тағатын белгіні беруді жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарының куәліктері уәкілетті органда дайындалады.

  1. Уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде спорттық атақ беру туралы куәлікті немесе біліктілік санатын беру туралы куәлікті және (немесе) тиісті омырауға тағатын белгісін немесе спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесін немесе дәлелді бас тартуды Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Порталда - Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған спорттық атақтар мен біліктілік санаттарының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жолданады.

  1. Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады (бұдан әрі - спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет), оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация, портал арқылы облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) жүгінеді.
  2. 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады (бұдан әрі - жасөспірімдік разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет), оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация, портал арқылы аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органына, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аудандардың әкімдеріне (бұдан әрі - ауданның жергілікті атқарушы органы) жүгінеді.
  3. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін қамтитын, спорттық разрядтары мен біліктілік санаттарын және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ спорттық разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы Қағидалардың 2-қосымшасындаспорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының форматындағы осы Қағидалардың 3-қосымшасында жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының форматында баяндалған.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін жергілікті атқарушы орган, ауданның жергілікті атқарушы органы және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы спорттық разрядтар мен біліктілік санаттары және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарының мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушының өтініштерінің тарихында спорттық разрядтар мен біліктілік санаттары мен жасөспірімдік разрядтар мен біліктілік санаттарын мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

  1. Жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы құжаттар келіп түскен күні (сағат 18:00-ден кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және спорттық разрядтар мен біліктілік санаттары және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
  2. Жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы төрт жұмыс күні ішінде спорттық, жасөспірімдік разрядтар мен біліктілік санаттарын беруге арналған құжаттарды Нормалар мен талаптарға сәйкестігін комиссиясыз қарайды.

      Спорттық, жасөспірімдік разрядтары және біліктілік санаттарынан айыру мәселелерін қарау үшін жергілікті атқарушы органы және ауданның жергілікті атқарушы органы құжаттардың түсуіне қарай шақырылатын комиссия құрады.

  1. Ауданның жергілікті атқарушы органының және жергілікті атқарушы органының жауапты қызметкері құжаттарды портал арқылы алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Стандарттың 8-тармағындакөзделген ұсынылған құжаттардың толықтығы және сәйкестігін, сондай-ақ Нормалар мен талаптарға сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған, Нормалар мен талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жергілікті атқарушы органның және ауданның жергілікті атқарушы органының жауапты қызметкері өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы құжаттар топтамасын Нормалар мен талаптарға сәйкес келгеніне қарайды және оң шешім болған кезде спорттық разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықты қабылдайды.

      Бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы органның және ауданның жергілікті атқарушы органының жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша ескертулерді жойған кезде жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы құжаттар топтамасын қарайды, оң шешім болған кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде спорттық разрядтар мен біліктілік санаттар беру туралы бұйрық қабылдайды, теріс шешім болған кезде дәлелді бас тарту жібереді.

  1. Жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы спорттық, жасөспірімдік разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың негізінде екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасынасәйкес нысан бойынша спорттық, жасөспірімдер разрядтары мен төрешілер санаттарын беру туралы куәліктерді дайындауды баспахана арқылы жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлікті жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы дайындайды.

  1. Жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы бір жұмыс күні ішінде спорттық, жасөспірімдер разрядын беру туралы куәлікті немесе біліктілік санатын беру туралы куәлікті немесе спорттық, жасөспірімдер разрядтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесін не Мемлекеттік корпорацияға дәлелді бас тартуды жібереді.

      Порталда - Мемлекеттік корпорацияда спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.

  1. Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттары құжаттарды тапсыру сәтінде қолданыстағы Спорттық атақтарды, разрядтар мен біліктілік санаттарын беру үшін нормалар мен талаптар негізінде беріледі.
  2. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшылар "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" спорттық атағын алу үшін құжаттар ұсынбайды.
  3. Жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға, әдіскерлерге және нұсқаушы-спортшыларға біліктілік санаттары спорттық атақтар және біліктілік санаттарды беру және спорттық, жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрығына қол қойылған күннен бастап 5 жылдық мерзімге беріледі.
  4. Берілген санаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін төрешілер санатынан басқа жаттықтырушыға, жаттықтырушы-оқытушыға, әдіскерге және нұсқаушы-спортшыға оны растау қажет.
  5. Жоғары санат талаптарын орындаған және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атағы бар жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы үшін көрсетілген санаттың қолданылу мерзімі шектелмейді.
  6. Біліктілік санаттары келесі спорт түрлерін: велоспорт және спорттың ойын түрлері, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, суға секіру, үйлесімді жүзу, биатлон, шаңғы қоссайысы, қазіргі бессайысты қоспағанда, сондай-ақ спорт шеберлігін одан әрі арттыру үшін спортшыларды басқа жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға беру жағдайларын қоспағанда, бір спортшыны дайындағаны үшін бірнеше жаттықтырушыға, жаттықтырушы-оқытушыларға біліктілік санаттары берілмейді.

      Спортшыларды одан әрі спорттық шеберліктерін арттыру үшін басқа жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға берген жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың спортшыны берілген сәтінен бастап екі жыл ішінде қол жеткізген нәтижелері бойынша біліктілік санаттарын иеленуге тиісті құжаттарды бере алады.

  1. Жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, әдіскерлердің, нұсқаушы-спортшылардың санаттарының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін олардың өтініштері негізінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары мынадай жағдайларда ұзартады:

      1) еңбекке уақытша жарамсыздығы;

      2) жүктілікке және бала тууға, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болуы;

      3) мемлекеттік органдардың, спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктердің, дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарының жіберуімен шетелде мамандығы бойынша іссапарда, оқуда, жұмыста болуы.

3-тарау. Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарынан айыру тәртібі

  1. Спорттық атақтан, разрядтан және біліктілік санатынан айыру төменде көрсетілген фактілердің бірі анықталған жағдайда жүзеге асырылады:

      1) спорттық атақты, разрядты және біліктілік санатын беру үшін негіз болған құжаттарда анық емес немесе қасақана бұрмаланған ақпаратты беру;

      2) допингке қарсы қағидаларды бұзу.

  1. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атақтары және біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі біліктілік санаттарын айыруға спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары ұсынған құжаттардың негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
  2. Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарынан айыруға спорт түрлері бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары ұсынған құжаттардың негізінде жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
  3. "2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі" біліктілік санаттарын айыруға спорт түрлері бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары ұсынған құжаттардың негізінде ауданның жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
  4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерін дамытуға басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органға және ауданның жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері қатарынан спорттық атақтарынан, разрядтарынан және біліктілік санаттарынан айыру үшін құжаттарды ұсынады.
  5. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша комиссия спорттық атақтардан, разрядтардан және біліктілік санаттарынан айыру немесе айырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

4-тарау. Спорттық атақтар және біліктілік санаттарын, спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын, жасөспірімдік разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның және ауданның жергілікті атқарушы органының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған уәкілетті орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған уәкілетті орган, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

  1. Уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағынасәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  1. Егер Қазақстан Республикасының заңында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағынасәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

 

Спорттық атақтар, разрядтар
және біліктілік санаттарын
беру және олардан айыру,
омырауға тағатын белгілерді
беру қағидалары, сондай-ақ
олардың сипаттамасына
3-қосымша

 

"2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
1. 2-разрядты спортшы.
2. 3-разрядты спортшы .
3. 1-жасөспірімдік разрядты спортшы .
4. 2-жасөспірімдік разрядты спортшы .
5. 3-жасөспірімдік разрядты спортшы .
6. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы.
7. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы.
8. Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы.
9. Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы.
10. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер.
11. Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер.
12. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы.
13. Спорт төрешісі.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аудандардың әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.​egov.​kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
1. 2-разрядты спортшы.
2. 3-разрядты спортшы .
3. 1-жасөспірімдік разрядты спортшы .
4. 2-жасөспірімдік разрядты спортшы .
5. 3-жасөспірімдік разрядты спортшы .
6. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы.
7. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы.
8. Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы.
9. Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы.
10. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер.
11. Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер.
12. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы.
13. Спорт төрешісі.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
1. 2-разрядты спортшы.
2. 3-разрядты спортшы .
3. 1-жасөспірімдік разрядты спортшы .
4. 2-жасөспірімдік разрядты спортшы .
5. 3-жасөспірімдік разрядты спортшы .
6. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы.
7. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы.
8. Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы.
9. Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы.
10. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер.
11. Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер.
12. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы.
13. Спорт төрешісі.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру куәлік немесе жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе дәлелді бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін.
Мемлекеттік корпорация: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00 – ден 20.00 – ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі немесе портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында: www.​gov.​kz/​ent​itie​s/​msm "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
1) 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен куәландырылған қолдаухаты;
спорт түрі бойынша облыс федерациясының мөрімен куәландырылған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша аккредиттелген облыс федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған аудандық жарыстардың хаттамалары;
2) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілік санаттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы;
спорт түрлері бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстардың хаттамалары;
3) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер біліктілік санаттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кәсіптік білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
4) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы біліктілік санаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен куәландырылған санат беру туралы қолдаухат;
5) спорт төрешісі біліктілік санаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
қызмет берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі немесе төрешілік туралы анықтама;
"электрондық үкімет" порталына:
1) 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық нысанындағы бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен куәландырылған қолдаухаты;
құжаттың электрондық нысанындағы спорт түрі бойынша облыс федерациясының мөрімен куәландырылған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша аккредиттелген облыс федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған аудандық жарыстардың хаттамалары;
2) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілік санаттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық нысанындағы білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
құжаттың электрондық нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
құжаттың электрондық нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы;
құжаттың электрондық нысанындағы спорт түрлер бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстардың хаттамалары;
3) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер біліктілік санаттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық нысанындағы кәсіптік білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
құжаттың электрондық нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
4) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы біліктілік санаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық нысанындағы білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
құжаттың электрондық нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
құжаттың электрондық нысанындағы спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен куәландырылған санат беру туралы қолдаухат;
5) спорт төрешісі біліктілік санаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық нысанындағы қызмет берушінің төрешілік растайтын жарыстардың хаттамалары немесе төрешілік туралы анықтама.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда сұрау салады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім берген кезде дәйектілігін қолтаңбамен немесе ЭЦҚ-мен растай отырып, мынадай деректерді көрсетеді: тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы.
Цифрлық құжаттар сервисі "eGov mobile" мобильдік қосымшасында авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алады.

 

  1. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану ҚАҒИДАЛАРЫ

 1-бөлім. Жалпы ережелер

  1. Осы Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 65-5) тармақшасына сәйкес әзірленген және Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану тәртібін анықтайды.
  2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) коммуналдық тұрғынжай қоры – тұрғынжайларды пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы тұрғынжайлар;

       2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО);

      3) спорт федерациясы – спорттың бір немесе бірнеше түрін дамыту мақсатында қоғамдық бірлестік нысанында немесе қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

  1. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары немесе жүлдегерлеріне тұрғынжайды беруді қаржыландыру Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық Паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің ресми шешімі немесе хаттаманы алған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  2. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай ЖАО спортшының тұрғылықты жеріне және алған жүлделі орнына байланысты облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалардан береді.
  3. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай коммуналдық тұрғын үй қорынан өтеусіз негізде беріледі.
  4. Көрсетілетін қызметті алушыға мынадай шарттар белгіленеді:

       1) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда алтын медаль жеңіп алған чемпионға – үш бөлмелі пәтер;

      2) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда күміс медаль жеңіп алған жүлдегерге – екі бөлмелі пәтер;

      3) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда қола медаль жеңіп алған жүлдегерге – бір бөлмелі пәтер.

  1. Бір Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда бір медальдан артық алған тұлғаларға көрсетілетін қызметті берушіден тұрғынжай алу құқығы бір рет беріледі.

 2-бөлім. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану тәртібі

  1. Спорт түрінен аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясы (бұдан әрі – федерация) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындар біткен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) федерацияның мөрімен расталған Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің және халықаралық федерацияның жарыс хаттамасын немесе ресми шешімін береді.
  2. Уәкілетті орган Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің және халықаралық федерацияның жарыс хаттамасын немесе ресми шешімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЖАО-ға электронды түрде жібереді.

       ЖАО Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарыс хаттамасын немесе ресми шешімін алғанын растау оның Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіндегі тіркелуі болып табылады.

  1. ЖАО (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) 3 (үш) жұмыс күні ішінде Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) оларға тұрғынжай берілетіндігі туралы хабарлама жібереді.
  2. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың топтамасын ұсына отырып, өтінішпен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүгінеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) баяндалған.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушы өтініштерінің тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды портал арқылы алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың Стандарттың 8-тармағында көзделген толықтығы және сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын зерделейді және көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды беруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – бөлімше) хат жібереді, ол 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Бөлімше хатты қарағаннан кейін оны тұрғын үй комиссиясының қарауына жібереді.

      Тұрғын үй комиссиясы хатты 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қарайды.

      Тұрғын үй комиссиясының оң шешімі негізінде, "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жергілікті атқарушы органның тұрғын үй беру туралы қаулысын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап шығарады.

  1. Тұрғын үй комиссиясының шешімі теріс болған немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

       Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші комиссияның оң шешімі болған кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде ЖАО әкімдігінің көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй беру туралы қаулысын, комиссияның теріс шешімі болған кезде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап шығарады.

  1. ЖАО әкімдігі тұрғынжайды беру туралы қаулыны қабылдағаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушымен тұрғынжайды пайдалану шарты (бұдан әрі – шарт) жасалады.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің мемлекеттік корпорацияға жеткізілуін қамтамасыз етеді.
  3. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 тіркелген) белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету сатысындағы мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылаудың ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
  4. Көрсетілетін қызметті алушымен шарт 10 (он) жыл мерзімге жасалады.

      Шарт жасасқан күннен бастап 10 (он) жыл өткен соң көрсетілетін қызметті алушылар коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайды өтеусіз негізде меншікке алады.

  1. Тұрғынжай берілген көрсетілетін қызметті алушылар қайтыс болған (қаза болған) жағдайда, тұрғынжайды меншікке өтеусіз алу құқығы осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген допинг сынамасының нәтижесіне және мерзіміне қарамастан қайтыс болған (қаза болған) адамның мұрагерлеріне өтеді.
  2. Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне коммуналдық тұрғын үй қорынан – олардың қалауы ескеріле отырып, төменгі қабаттардан немесе лифтілері бар тұрғын үйлерден, ал Паралимпиадалық ойындардың тірек-қозғалыс аппараты бұзылған чемпиондары мен жүлдегерлеріне екіншіден жоғары емес қабаттан тұрғынжай беріледі.

      Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне ғимараттың типі, абаттандырылу дәрежесі және басқа да тұруға қажетті жағдайлар ескеріле отырып, тұрғын үй-жайды таңдау құқығы беріледі.

  1. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің шешімі негізінде жүлделі орын берілген кезде, Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындардың қатысушысына осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беріледі.
  2. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің шешімі негізінде неғұрлым жоғары жүлделі орын берілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беріледі.
  3. Уәкілетті орган Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарыс хаттамасын немесе ресми шешімін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің және халықаралық спорттық федерацияның жарыс хаттамасын немесе спорттық нәтижені жою туралы ресми шешімін жібереді.
  4. Допингті қолданған немесе пайдалануға әрекет жасаған жағдайда спорттық нәтиже жойылғанда, көрсетілетін қызметті алушымен осы Қағидалардың 19 тармағына сәйкес 10 жылға жасалған шарт бұзылады.
  5. Көрсетілетін қызметті беруші Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарыс хаттамасын және (немесе) спорттық нәтижені жою туралы ресми шешімнің негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға шартты бұзу туралы хабарлама жібереді.
  6. Шартты бұзу көрсетілетін қызметті алушыдан шартты бұзу туралы хабарлама алғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде тұрғынжайды көрсетілетін қызметті берушіге қайтаруға әкеп соғады.
  7. Тұрғынжайды қайтарудан бас тартқан жағдайда, шартты бұзу сот тәртібімен жүзеге асырылады.

 3-бөлім. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі қарайтын органға жібереді.

       Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 

Дата публикации
30 декабря 2024