"Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі"ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтері

1 сұрақ - Сіздің қарамағыңыздағы бөлімде қандай мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі " мемлекеттік мекемесімен "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" және "Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спорт туралы" Заңдары негізінде екі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

Біріншісі - спорттық разрядтар беру

(2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы - спортшы біліктілігі бойынша екінші санатты, спорт төрешісі).

Екіншісі - Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оларды пайдалану.

Көрсетілетін қызметті алушылар спорттық разрядтары мен біліктілік санаттарын растаған дене шынықтыру-спорт ұйымдары, сондай-ақ жеке тұлғалар (спортшылар, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы) болып табылады.

2сұрақ - Қызметтер қандай тәсілдермен көрсетіледі?

Жауап - Бұл қызмет электронды түрде екі тәсілмен көрсетіледі:

- "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы;

- "электрондық үкіметтің" веб-порталы egov.kz.

3сұрақ - Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері қандай?

Жауап - Қазақстан Республикасында Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақылы және тегін негізде көрсетіледі, алайда, бұл мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

4сұрақ - Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушылар қандай құжаттарды ұсынады?

Жауап

Мемлекеттік корпорацияға спорттық разрядтарын беру үшін:

- көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

- бастапқы спорт ұйымының қолымен және мөрімен расталған қолдаухат;

- спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған облыстық және (немесе) қалалық жарыстархаттамаларының көшірмелері;

Егер көрсетілетін қызметті алушы egov.kz порталда жеке кабинеті арқылы ұсынады;

  • көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
  • құжаттың электрондық нысанындағы бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен куәландырылған қолдаухаты;
  • құжаттың электрондық нысанындағы спорт түрі бойынша облыс федерациясының мөрімен куәландырылған облыстық және (немесе) қалалық жарыстардың хаттамалары
  •  

5 сұрақ - Белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін қандай негіздемелер бар?

Жауап-  Бас тартудың негізі болып табылады;

- көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;

- көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың сәйкес келмеуі;

- көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;

-   көрсетілетін қызметті алушының келісімі болмауы.

6 сұрақ – Өткен жылы бөліммен 2023жылы қанша мемлекеттік қызмет көрсетіді?

Жауап - 2023 жылы спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттар беру бойынша 695 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

7 сұрақ – Бар сұрақтар бойынша көрсетілетін қызметті алушылар қайда хабарласа алады?

Жауап – Байланыс телефоны 52-30-05.

 

Дата публикации
29 апреля 2024