Сыбайлас жемқорлықтан бас тартуды қалыптастыру

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшелігі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Бұл мәселе бойынша бөлім басшысы Күнім Уразбаева ведомстволық бағынысты мекемелердің директорларымен және бөлім қызметкерлерімен кеңес өткізді. Өз сөзінде ол қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет объективті қажетті құбылыс мәртебесіне ие болып жатқанын атап өтті. Мемлекеттік қызметшілер үшін қарапайым атқарушылық, мемлекеттік қызметтегі кәсіби құзыреттілік жеткіліксіз, Халықпен жұмыста ар-ождан, әдептілік, адалдық сияқты адамгершілік қасиеттерді көрсету маңызды.

Кеңеске басшыларға азаматтық және мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті насихаттау, оларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге нұсқау берілді.                                        

Дата публикации
03 апреля 2024