"Сыбайлас жемқорлық-ғасыр ауруы"

  

«Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханасы «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі жанындағы «Жас қыран» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар ұйымы филиалының директоры Спильный Даниил Андреевичтің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жеті күнәнің бірі - жемқорлық» тақырыбында ойлар қиылысын ұйымдастырды.

Осы тақырып аясында жастарға жемқорлық туралы жан-жақты мәлімет бере отырып, одан сақтанудың жолдары және алдын алу мәселелері туралы ақпарат берілді.


Іс-шараға қатысушы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенттері жемқорлыққа байланысты өз ойларын айтып, кей жерлерде пікірлер қиылысып жатты. Ойлар қиылысы сұрақ-жауаппен жалғасып, қорытындысында «Жемқорлық – ғасыр дерті» атты кітап көрмесі ұсынылып, қауіпті дерт туралы бейнеролик көрсетілді.

Дата публикации
14 декабря 2023