Көкшетау қаласында мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз етуге және мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінінің сауатты ресімделуіне атсалысып жүрген азаматтарға қолдау көрсету мақсатында «Сауатты жарнама – тіл абыройы» облыстық байқауы өтті.
Байқауға заңды мекемелердің жарнама мәтінін әзірлейтін копирайтерлері, мемлекеттік тілге аударма жасайтын мамандар және тиісті (жергілікті) органдар арқылы тіл нормасы бұзылып ресімделген жарнамаларды және стильдік қатемен берілген көрнекі ақпарттарды анықтап, түзету жұмыстарына атсалысқан жеке тұлғалар қатысты. Қазылар алқасының шешімімен жеке азаматтар санаты бойынша жүлделі 3 орынды Көкшетау қаласының қатысушысы Біржан Қайыров, ал заңды мекемелердің қызметкерлері арасынан жүлделі ІІІ орын «Аспект» ЖШС маманы Сәния Жүнісова, І орын «Дизайн сити» ЖШС маманы Бекзат Жүнісов иеленді. Байқау нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға тиісті дипломдар мен алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
І орын иегерлері қазан айында республикалық байқауға қатысады