Жігіт сұлтаны-2023» қалалық байқауы туралы ақпарат

 

2023 жылы 28 қыркүйекте Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімімен жігіттер арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттау, жастардың біліктілігі мен шеберлігін сараптау мақсатында «Жігіт сұлтаны» байқауы болды.

Біздің елдің жігіттері жігіттердің сыртаны,

Кешегі өткен ақындармен батырлардың ұрпағы,

Ерте туып еш заманның маңдайына сыймаған,

Біздің елдің ұлтаны мен біздің елдің сұлтаны...

 

Байқауға Жетпісқалиев Серік Сапарұлы – Жазушы, Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің директоры, Көкен Шакенов атындағы ақындар мектебінің жетекшісі. Абдульманов Берік Қайдарұлы – Журналист, бірнеше теле бағдарламаның авторы әрі жүргізушісі. Қазақстан Жүрналистер одағының мүшесі. Бүгінгі күні “Қазақстан” РТРК” АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры”, Казизова Әсемгүл Адылханқызы - Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының бас маманы, Ибраева Асем Советқызы – «Достар» мәдениет сарайы директорының орынбасары қазылық етті.

Байқау төрт кезеңнен тұрды.

  1. Өзін – өзі таныстыру әр қатысушы видеоролик арқылы өздерін таныстырады.
  2. «Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?» Қазақ әдебиетінде ерлігімен ұлтына мәлім тұлғаларды сомдау.
  3. «Білгенге маржан» - Салт-дәстүр, әдет- ғұрып т.б сұрақтарға жауап беру
  4. «Күш атасын танымас» - гир көтеру

Байқаудың қорытындысы бойынша Жігіт сұлтаны - 2023 атағы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 4 курс курсанты Қадыр Дәурен Ринатұлы атанса, жүлделі 2 орын иегері Көкше» Мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Қадыл Азамат, 3 орын иегері Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп лицейінің тәрбие бөлімінің маманы Семетай Ақылдас лайық деп танылды.

Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен  алғыс хаттар табысталды.

 

                                                          

 

Дата публикации
04 декабря 2023