GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Комитет туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Все материалы
03 апреля 2025
Армия орталық спорт клубында Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатый залы ашылды

Армия орталық спорт клубының Алматы филиалында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов жаңа ауыр атлетика залын ашты.

Қорғаныс ведомствосы басшысының Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Армия орталық спорт клубында ауыр атлетика федерациясының қолдауымен құрылған жаңа залдың салтанатты ашылуы өтті. Спорт нысанына Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатыйдың есімі берілді. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, спорт қоғамдастығы және АОСК-ның атақты спортшылары қатысты.

Анатолий Храпатый – ауыр атлет, бес дүркін әлем чемпионы (1985-1987, 1989-1990), 1988 жылғы Олимпиада чемпионы, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

Өмірінің соңғы жылдарында ҚР Қорғаныс министрлігі АОСК спорт бөлімінің аға офицері болып жұмыс істеді. Спортшы 2008 жылдың тамызында қайғылы жағдайда қаза тапты.

Сапар барысында министр күрделі жөндеуден өткен Жақсылық Үшкемпіров атындағы күрес залын, спортшылардың даңқ мұражайын, футбол алаңын, асхананы және басқа да инфрақұрылым нысандарын аралады.

 Қорғаныс министрі басшылықтың алдына Қарулы күштерде дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бірқатар тапсырмалар қойды.

01 апреля 2025
Өзін-өзі қорғау өнері: самбо Қазақстанның өңірлерінде жаппай дамитын болады

Бұл жайлы Қазақстан спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының кезектен тыс конференциясында оның президенті Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов мәлімдеді.

Іс-шара Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы филиалының Армия үйінде өтті. Мұнда жекпе-жектің осы түрінің дамуына байланысты ұйымдастырушылық және басқа да мәселелер қарастырылды.

Конференцияда федерацияның бас хатшысы Дияс Үкімет самбоны дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын ұсынды, онда қоғамдық ұйым қызметінің стратегиялық мақсаттары мен негізгі бағыттары айқындалды. Өңірлерде самбоны жаппай дамытуға ерекше назар аударылды.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов самбо федерациясының құрылтайшылары мен жаттықтырушыларына спорттың дамуына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді.

– Көптеген жылдар бойы қазақстандық самбо мектебі халықаралық аренада жетекші орынға ие болды. Әлем және Азия чемпионаттарындағы спортшыларымыздың жеңістерінің құрметіне еліміздің туы талай мәрте желбіреп, көкке көтерілді. Бұл өңірлік федерацияларды қолдаудың, жаттықтырушылардың қажырлы еңбегінің және спортшылардың өз істеріне адалдығының нәтижесі, – деп атап өтті ол.

Іс-шара барысында Қазақстан спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті Р. Жақсылықов 2024 жылы әлем чемпионатында медаль еншілеген спортшыларды марапаттады.

Бұдан өзге федерация президентінің бұйрығымен Арман Әбеуов - бірінші вице-президент, Еркебұлан Түсіпханов күш құрылымдарымен жұмыс жөніндегі вице-президент және Дина Кудеринова-Балтабай спорт директоры болып тағайындалды.

Әскери спорт
31 марта 2025
Армия орталық спорт клубының командасы – күштік құрылымдар арасында қазақ күресінен өткен чемпионат жеңімпазы

Алматыда Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған қазақ күресінен ашық чемпионат аяқталды.

Ең мықты деген балуандар турнирі Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының филиалында өтті.

300-ден астам спортшы қатысқан жарыста Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктерінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Шекара қызметінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және ведомстволық оқу орындарының спортшылары чемпион атағын сарапқа салды. Оның ішінде  халықаралық дәрежедегі 11спорт шебері, 52 спорт шебері және бірнеше спорт шеберіне үміткерлер бар.

Чемпионат қорытындысы бойынша командалық есепте Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының құрамасы жеңімпаз атанды. Ал екінші орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының балуандары иелсенсе, Ұлттық ұлан командасы үшінші орынға табан тіреді.

Қазақ күресінен өткен сайыста жеке есепте 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бекжан Төлепов (АОСК), 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ернұр Сүлеймен (АОСК), 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әшім Сағындық (Мемлекеттік күзет қызметі), 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жұмажан Қожамбеков (АОСК), 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ахметқали Әділет (Ұлттық ұлан), 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айдар Бескемпір («Оңтүстік» ӨңҚ), 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Құдірет Досымов (Әскери полиция бас басқармасы) және100 келіден астам салмақ дәрежесінде Ғалымжан Қырықбай (АОСК) чемпион атанды.

Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов атап өткендей, турнир жеңімпаздары биылғы 12-16 тамыз аралығында әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен Астанада өтетін әлем чемпионатында сынға түседі.

Әскери спорт
31 марта 2025
Армия спортшылары еркін күрестен Азия чемпионы атанды

ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының әскери қызметшілері ефрейтор Нұрқожа Қайпанов пен сержант Жәмила Бақбергенова Иордания астанасы Амманда өткен Азия чемпионатында алтынға ие болды.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте балуан Нұрқожа Қайпанов қырғыз спортшысы Орозобек Тоқтомамбетовті 2:1 есебімен жеңді.

Армия спортшысы Нұрқожа Қайпанов бұған дейін өткен әлем чемпионаттарында да күміс пен алтынға ие болған. Бұл оның Азия құрлығы біріншіліктеріндегі үшінші алтын жүлдесі. Спортшының қоржынында Азия чемпионатының күміс медалі де бар. 

Еркін күрестен Азия біріншілігінде әйелдер арасында армия спортшысы сержант Жәмила Бақбергенова чемпиондық атаққа ие болды. Ол 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қытайлық қарсыласын 4-1 есебімен жеңді. Бұл оның спорттық мансабындағы құрлықтық біріншіліктегі төртінші жеңісі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы