«Орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша кешенді талдау» аналитикалық есебі, 2024 жыл

«Орта білім беру ұйымдарындағы білім  алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг  жүргізу нәтижелері бойынша кешенді талдау»  аналитикалық есебі, 2024 жыл

Бүкіл әлем бойынша білім беру жүйелерінің басты
ерекшеліктерінің бірі – оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың
ұлттық сыртқы құралдарын дамыту. Мұндай құралдар білім
алушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми
сауаттылығының деңгейін өлшейтін, оның ішінде оқу нәтижелеріне
әсер ететін контекстік факторларды ескере отырып, мониторингтік
зерттеулер болып саналады. Сыртқы ұлттық бағалау білім
алушылардың ұлттық білім беру стандарттарында белгіленген
мақсаттарға қол жеткізуінің ағымдағы дәрежесін айқындауға мүмкіндік
береді, бұл білім беру сапасын жақсарту бойынша ғылыми негізделген
және мақсатты шаралар қабылдауға ықпал етеді.
Ұлттық мониторингтік зерттеулер сонымен қатар білім беру
нәтижелеріндегі өзгерістерді қадағалау, сарапшылармен және кеңірек
қоғамдастықпен терең талдау және талқылаулар жүргізу арқылы білім
беру жүйесінің әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда оқыту сапасына мониторингтік зерттеулер 2005
жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде ұлттық бағалау
құралдары мектептер үшін қатаң құқықтық салдары бар мемлекеттік
аралық бақылаудан (МАБ) бастап, төмен нәтижелі білім беру
ұйымдарына атаулы қолдау көрсетуге бағдарланған білім
алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне (ББЖМ) дейін елеулі
өзгерістерге ұшырады. Оқу қиындықтарын анықтау, нәтижелері төмен
мектептерді қолдау және бағалаудың ұлттық құралдарын халықаралық
стандарттарға бейімдеу арқылы ұлттық білім беру жүйесін нығайту
маңызды міндет болып табылады.
ББЖМ шеңберіндегі тестілеу сауаттылықтың үш негізгі бағытын
қамтиды: оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми
сауаттылығы. 2024 жылы тестілердегі тапсырмалар саны 4 сынып үшін
50, 9 сынып үшін 65 болды. Сондай-ақ, ББЖМ-ның негізгі құрамдас
бөліктерінің бірі қатысушылардың – білім алушылардың, олардың атааналарының, мұғалімдерінің және мектеп басшыларының
сауалнамасы. Аталған деректер білім беру жетістіктеріне әсер ететін
контекстік факторларды талдау және төмен нәтижелі мектептерге
атаулы әдістемелік қолдау көрсетуде ұсыныстар жасау үшін
пайдаланылады.
Жыл сайын ББЖМ құралдары мен рәсімдері бағалаудың
объективтілігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған тұрақты
жаңғыртудан өтеді. 2024 жылы бағалау процесін одан да объективті
және стандартталған ету үшін тапсырмалардың күрделілік деңгейін
ескере отырып, балдарды масштабтау әдісі қолданылды.
ББЖМ-2024 қорытындысы бойынша талдамалық есеп үш
тараудан тұрады. Бірінші тарауда мониторингтік зерттеу
тұжырымдамасындағы өзгерістер мен толықтырулар қарастырылады,
екінші тарауда әртүрлі параметрлерді (оқыту тілі, мектептің түрі мен
орналасқан жері) ескере отырып, ел деңгейіндегі және әр өңірдегі
сауаттылықтың үш бағыты бойынша 4 және 9-сынып білім
алушыларының нәтижелеріне талдау жасалады. Соңғы тарауда ББЖМ2024 қатысушыларының сауалнамасының нәтижелері көрсетілген.
Қорытындыда орта білім беру жүйесінің стейкхолдерлеріне арналған
негізгі тұжырымдар мен атаулы ұсыныстар және оқу, математикалық
және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық пәндерінің оқу
бағдарламасының «күрделі» бөлімдері бойынша педагогтерге
арналған әдістемелік ұсынымдар баяндалған.

https://www.gov.kz/memleket/entities/control/documents/details/805585?lang=kk